Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қазан, 2015

864

Қазақ хандығының 550 жылдығының аясында «Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық жобасының конференциясы

Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығының аясында «Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық жобасының конференциясы өтті. Күннің бірінші бөлігінде қатысушылар Орталық Азия аймағындағы елдердің экономикалық, мәдени және өзге де салалар бойынша байланысын талқылады. Ал, күннің екінші бөлігінде «Орталық Азия елдері ынтымақтастығының тарихи тәжірибесі» және «Орталық Азия халықтарының өзара әрекеті: ынтымақтастықтың негізгі бағыттары» тақырыптарында пікірталастар ұйымдастырылды. Онда Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекеттерінен келген ғалымдар келелі ойларын ортаға салды.

Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығының аясында «Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық жобасының конференциясы өтті. Күннің бірінші бөлігінде қатысушылар Орталық Азия аймағындағы елдердің экономикалық, мәдени және өзге де салалар бойынша байланысын талқылады. Ал, күннің екінші бөлігінде «Орталық Азия елдері ынтымақтастығының тарихи тәжірибесі» және «Орталық Азия халықтарының өзара әрекеті: ынтымақтастықтың негізгі бағыттары» тақырыптарында пікірталастар ұйымдастырылды. Онда Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекеттерінен келген ғалымдар келелі ойларын ортаға салды.

Баяндамашылар қатарында өз ойымен Қытай халықаралық зерттеулер институтының Шанхай ынтымақтастығы ұйымын зерттеу бойынша Қытай орталығының бас хатшысы Юйжун Чэнь бөлісті. Баяндамасында аспан асты елінің дипломатиялық философиясымен таныстырған Ю. Чень сан ғасырлық тарихы мен мәдениеті салаласа отырып, қалыптасқан мәмілегерлік өнері туралы хабар берді.

Жиын барысында «Мысль» журналының бас редакторы, саясаттанушы, публицист Кұттыкадам Сейдахмет алғашқы Қазақ хандығы құрылуының қазіргі заман мәнмәтініндегі тарихи рөлі туралы баяндап берді. Ал, Бішкек қаласы әкімшілігінің жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы, публицист Мусуркул Кабылбеков Қоқан хандығы және Қоқан автономиясының Орталық Азия мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы ой өрбітті. ҚР Білім және ғылым министрлігі Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абдулло Сафар Парсытілді дереккөздерде кездесетін Қазақ хандығы туралы қызықты деректерімен бөлісті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет институтының аға ғылыми қызметкері, тарихшы, этнограф Марат Сембин болса 1916 жылғы көтерілістің қазіргі Қазақстанның қалыптасуына жасаған әсері туралы келелі ойлар айтты. Сонымен қатар, аталған оқиғаның 100 жылдығына орай атқарылуы тиіс деп есептейтін ашаралар ретін ұсыныс ретінде атап өтті.

Басқосудың қызықты бөлігі пікірталас кезеңінде туындады. Әсіресе, Шығыс Қытай педагогикалық университетінің Ресейлік зерттеулер орталығы директорының орынбасары Чен Янның «Жібек жолы бойындағы Шанхай рухы: даму жолындағы Ұлы Еуразиядағы шаралар» тақырыбындағы баяндамасынан соң ғалымдар бірнеше тарапқа пікірі бөлінгені анық байқалды. Солай болуы керек те. Өйткені, мұндай жайт форумның басты ерекшелігі болып табылады.

Өз сөзінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихын баяндаған Я. Чен өзінің кейбір екімағыналы айтылған сөздеріне әріптестері қарсы пікірлер айтып, ашық сұрақтар қойылды. Мәселен, қатысушылар тарапынан қойылған «Қытайдың Жібек жолын қалпына келтіру жобасы барысында өзге мемлекеттер мәдени экспанцияға душар болуы қаншалықты ықтимал?», «Орта Азия елдерінің аспан асты елінің экономикасына тәуелді болып қалуы мүмкін бе?» – деген сұрақтар көптің көкейіндегісін қозғады. Ал, Ян Чен бұл сұрақтарға ондай жағдайдың болуы мүмкін еместігін айтып, «Жібек жолын» қалпына келтіру тек ортақ іс, өзге мемлекеттердің атсалысуынсыз Қытай тарапы ештеңеге де қол жеткізе алмайтынын білдірді.

Өз кезегінде Ресей Ғылым академиясының Шығыстану институтының синолог-шығыстанушысы, тарих ғылымдарының докторы Александр Қадырбаев Ұлы жібек жолы бойындағы соғыстар мен бейбітшілік орнаған жылдар туралы деректер келтіріп, араздықтың басты себепкерлерінің бірі Қытай болғанын жасырмады. Сондай-ақ, барлығымыз бір терінің пұшпағын иледік деген күннің өзінде әр мемлекет өз тарапының пайдасын ойлайтынын да атап өтті. Сондықтан, бұл жайды терең зерттеуден өткізіп, сарапқа салып қана оңтайлы шешім шығару қажет екенін ескертті.

Ал, Қырғызстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының философия және саяси-құқықтық зерттеулер институтының директоры, философия ғылымдарының докторы, Осмон Тогусаков А. Қадырбаевтың сөзінің жаны бар екенін атап өтті. Сондықтан, конференция қатысушыларына әр елдің мүддесін сақтай отырып, ортақ шешімге келу жолдарын іздестіруге шақырды.

Осылайша, Ұлы Жібек жолы бойындағы елдердің сауда, экономика, мәдени және әлеуметтік ынтымақтастығын арттыруға бағытталған конференция аяғына жетті. Бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қараған ғалымдар араға көп уақыт салмай бас қосып, бұл мәселені талқылауды ары қарай жалғастыруға уағдаласып тарасты.

Кейін қарай