11 Қараша, 2020
525
«Қазақпын» деп айтқанды мақтан етемін!
2020 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Кеңесте Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері орталық штабының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Вячеслав Вавилин қазақ жерін мекендеген түрлі ұлт өкілдері бейбіт жағдайда тұрып жатқанын баса айтып өтті. В.Вавилин 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты орыс. Қазақ-Американ университетін және Қазақстандық инженерлік-экономикалық университетін бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.
- Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы құтты болсын! «Шат-шадыман ел болдық, асусыз асқар бел болдық». Осы нәтиже Елбасы, Сіздің салиқалы саясатыңыз және барша халықтың істеп жатқан еңбегінің арқасы деп білеміз. Сіздің бастаған жұмысыңыз ешқашан тоқтамасын! Жемісін беріп, жалғаса берсін! Ал біз, қазақ елін мекен еткен түрлі ұлттың өкілдері, біртұтас тату халық болып, еліміздің дамуына зор үлес қосамыз! «50 жылда ел жаңа, 100 жылда – қазан».
Біз келесі жылы, Алла қаласа, егемен еліміздің 30 жылдық мерейтойын тойлаймыз. Еліміздің бар жақсылығы әлі алда! «Ұрыс болған жерде ырыс болмайды». Әлем мың құбылып тұрғанда біздің тыныштығымыз – басымыздағы үлкен бағымыз. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі». «Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың».«Түрі сары, көзі көк, айтып тұрған сөзі көп» деп жүрмеңіздер! Менің нәсілім орыс болса да, «Қазақпын» деп айтуды мақтан етемін!!! Бұған дәлел ретінде мен төрт балама қазақша ат қойдым. Сафия, Мұхаммед, Адам және 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі күні дүниеге келген кенже баламды «желтоқсан» сөзінің мағынасын беретін Жәди есімімен атадым. 2007-ші жылы Алматы қаласының Медеу ауданына қарасты Алатау кентіне 25 жасымда әкім лауазымына тағайындалдым. Қазақ айтады: «Ат ауыздықпен алысса, шабыс тілегені». Осындай шабыспен әлі күнге дейін тура жолдамын.
Нурсултан Абишевич, я – горный спасатель. И я не на словах, а на деле знаю, единство – это жизнь!
В начале этого года наша команда, а это казахи, русские, немцы и татары 39 часов (почти двое суток) вызволяли рабочего, застигнутого затоплением в шахте. Теперь семья спасенного и наша команда – родные навсегда!
Ардақты қауым!
Алда – сайлау науқаны. Мәжіліс депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 адам сайланады. Ал, Ассамблеяның әрбір депутаты өз ұлтының пайдасын емес, бүкіл Қазақстан халқының мүддесін қорғайтынын ұмытпауымыз керек! «Туырлығын тілгілеп, тоқым етсем деп едім» дейтіндер қаншама, қазіргі уақытта! Ұлтаралық қатынастарға қатысты әлеуметтік желілерде айтылып жатқан арандатушы сөздерден аулақ болмасақ, бұл жақсылыққа әкелмес! Әрбір азаматтың, әсіресе жастардың сабырлылық және әдептілік танытқаны абзал. Осы саланы нақты реттейтін заңдардың қатаң орындалуын қамтамасыз етудің, керек болса, оларды жетілдірудің уақыты келді деп санаймын. Мәңгілік елімізді мәресіне жеткізер жастарымыздың бойына Абай атамыз айтқандай: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» нәсіп етсін.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
вчера, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы