13 Тамыз, 2019
2519
Қазақстан делегациясы Челябі облысында өткен VI аймақтық мерекеге қатысты
Қостанай облысының делегациясы Челябі облысында өткен «Туған жер» атты VI аймақтық мерекеде Қазақстанның атынан өнер көрсетті.
Верхнеуральск қаласында өткен фестивальға үйін өздерімен бірге қазақ халқының киіз алып барған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Достық Үйінің өкілдері жергілікті тұрғындарды және мереке қонақтарын ұлттық дәстүрлермен таныстырды.
«Біздің басты мақсатымыз – атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық мұраларымызды, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды насихаттап, қазақ халқының болмысын таныту. Біз ұлттық нақыштағы әсем бұйымдарды қолдана отырып, керемет көрме ұйымдастырып, отандастарымызға туған жердің ыстық сәлемін жеткіздік», - дейді облыстық Достық үйінің басшысы Қаламқас Сандыбаева.
Іс-шараға Челябі, Қорған және Свердлов облыстарында тұратын қазақтар жиналып, Башқұртстаннан және Мәскеуден де қонақтар келген. Фестиваль аясында ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, көрмелер мен қызықты байқаулар өткізілді. Іс-шара қатысушылары «Ең жақсы аула», «Ең әдемі киіз үй», «Үздік шебер» және «Өнерлі әже» номинациялары бойынша бақ сынасты.
Қостанай делегациясының өкілдері қонақтарға бесбармаққа арналған жайманың жайылу әдісін көрсетіп, қазақ халқының шай дастарқанының ерекшеліктерімен таныстырды, қара қазанда дайындалған бауырсақ үлестіріп, үлкен жез самаурыннан шай ұсынды.
«Жастардың ата-бабадан жалғасып келе жатқан дәстүрлерге деген қызығушылығы көңіл қуантады, ал мұндай іс-шаралар олардың ұлттық танымын арттыруға септігін тигізеді. Біз осы іс-шараға қатысуға шақырту алғанымызға өте қуаныштымыз, себебі мұндай кездесулер мемлекетаралық достықты нығайтуға ықпал етеді», - дейді облыстық Достық үйіндегі бөлім басшысы Алтын Өтегенова.
Қостанайлықтар дүйім жұртшылықты әсем киіз үйімен ғана емес, өнерлерімен де таң қалдырды. Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Айжан Санай фестивальдің ашылу салтанатында қос ішекті домбырамен бірнеше туынды орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді, деп хабарлайды сапарды ұйымдастырушылар.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті