11 Ақпан, 2022
480
Қазақстан кәрістері қауымдастығы ел Президентінің ауқымды реформаларын қолдайды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қазақстан кәрістері қауымдастығының өкілдерімен кездесті.
Іс-шараға «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» ЗТБ-нің төрағасы бастаған әр өңірдің кәріс этномәдени бірлестігінің мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Марат Әзілханов Корей этномәдени бірлестігінің жұмысы - қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда, мемлекеттік тілді үйренуде маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Сонымен қатар ҚХА қызметінің тиімділігін одан әрі арттырудың негізгі аспектілері басты назарға алынды.
«Бізге айтарлықтай реформалар қажет. Осы орайда ең алдымен өзгерістерді өзімізден бастап, іс-шараларамыздың практикалық тұрғыда арнайы халыққа тиімді болуы үшін жұмысымыздың форматын түбегейлі жаңартқанымыз жөн. Яғни біздің жобаларамыз этносаралық қатынастар мен коммуникация шеңберінде туындаған проблемаларды шешуге, жастарымызды шынайы тұрғыда тәрбиелеуге бағытталуы тиіс», - деп атап өтті ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов.
Осыған орай, әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша нақты қадамдар талқыланды.
Өз тарапынан қатысушылар Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар оқиғасынан кейінгі алға қойған маңызды реформаларын қолдайтындарын жеткізді.
«Әрине, еліміз үшін қиын-қыстау кезеңде, біз Президенттің халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды реформаларын қолдаймыз. Бізде нақты ұсыныстар бар. Оларды ҚХА-ның басқа ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асыруға дайынбыз», - деді Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы Сергей Огай.
Кездесу соңында Марат Әзілханов корей этномәдени бірлестігінің өкілдеріне қоғамдағы татулықты, достық пен келісімді нығайтудағы жұмыстары үшін алғысын айтып, Қазақстанның жаңа даму кезеңіне бастайтын игі іс-шараларды жүзеге асыруда сәттілік тіледі.
Айта кетейік, кездесу онлайн форматта ZOOM -конференция платформасында өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты