08 Маусым, 2016
801
Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясының Кеңесі өтті
7 маусым күні Көкшетау қаласындағы Достық үйінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен облыстық ассамблея Кеңесінің отырысын өтті. Аталмыш іс-шараға Кеңес мүшелері, этномәдени бірлестік төрағалары мен облыстық басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібіне қойылған үш мәселе бойынша баяндамашылар баяндама жасады.
Ең бірінші сөз кезегін алған облыстық хатшылықтың жетекшісі Марал Жақыпова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс- шаралар жоспарының орындалуымен таныстырып өтсе, Светлана Корнеева «Видергебурт» неміс қоғамының төрағасы ретінде қоғамдық бірлестіктің жұмысын айтып берді. Ал №3 Мәлік Ғабдуллин атындағы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Қабдушева 2015-20 жылдарға арналған үш тілде білім берудің Жол картасы іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуы туралы таныстырып шықты.
Ағымдағы жылдың маусым айының ішінде облыс әкімінің төрағалығымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының 19-сессиясын өткізу жоспарланып отыр.
2011 жылдың 7 қыркүйегіндегі Қазақстан халқы ассамблеясының Ережесіне сәйкес облыстық ассамблеяның төрағасының екі орынбасары болады. Оның бірі облыстық хатшылықтың меңгерушісі болса, екіншісі жыл сайын әрбір этномәдени бірлестік төрағасынан сайланады. Осылайша әр қоғамдық бірлестік төрағалары облыстық ассамблея төрағасының орынбасары болуына мүмкіндік алады.
Өткен 2015 жылы бұл қызметте «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Елена Мащинская болды. Нұрлан Жаңбыршыұлы осы күні оған атқарған қызметі үшін алғысын айтып, ризашылығын білдіріп шығарып салды. Ал аталмыш қызметке «Ақмола облысының поляктары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий тағайындалды.
Жиналған қауым жаңа төрағаны қызметімен құттықтап, жұмысына табыстар тіледі.
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті