Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Маусым, 2016

719

Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық корпусы алқасының отырысы болып өтті

2016 жылғы 29 маусымда Астана қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында  Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық корпусы алқасының отырысы болып өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасарлары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, V шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері мен шақырылған қонақтар қатысты.

Отырыс барысында Қазақстанның 2017-2018 жылдарда Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты емес мүшесі болып сайлануына қолдау көрсетілді.

Одан басқа, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық корпусы алқасының Қазақстан Республикасында үш тұғырлы тілді енгізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарын іске асыру мәселелері, сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын іске асыру мәселелері қаралды.

   

   

   

____________________________

 

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz

 

Кейін қарай