04 Қазан, 2017
815
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ДОСТЫҚ ҮЙЛЕРІ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
2017 жылғы 4 қазанда Тараз қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйлері директорларының республикалық әдістемелік кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, ҚР Президенті «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Әзімхан Қойлыбаев, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ басшылары – Достық үйлерінің директорлары, ҚХА, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, этноағарту кешендерінің оқытушылары қатысты.
Отырыс барысында рухани жаңғырудың факторы ретінде қазақстандық бірегейлікті нығайту; жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудегі қоғамдық ұйымдардың рөлі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ҚХА Достық үйлерін дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңіне сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен достық үйлері қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру мәселесі қаралды.
Әсемгүл Есқожа, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:
«Рухани жаңғыру бағдарламасының маңыздылығын түсіндіру үшін, яғни бәсекеге қабілетті, прагматикалық болу үшін іс-шаралар деңгейін көтеру керек, олардың лайықты және заманауи түрде өтуін қадағалауымыз қажет. Ескі стандарттан шығып, іс-шараларды жаңа форматта көрсетейік. Қазақстан халқы Ассамблеясы - әлемде теңдесі жоқ бірегей мекеме. Біз, Ассамблея өкілдері сананың ашықтығына бей-жай қарамайтын керемет көптеген жандардың басын біріктіре аламыз».
Отырыста Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының мысалында Достық үйлерінің жұмыс тәжірибесі, облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа бағыттарын – қайырымдылықты, медиацияны дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Отырыс шеңберінде тілдерді үйретудің инновациялық әдістеріне, баршаға арналған медиативтік технология тақырыбына арналған панельдік пікірсайыстар мен семинар-тренингтер өткізілді.
Дата события ассамблеи: 04.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті