Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Маусым, 2015

1093

Қазақстан халқы Ассамблеясы этноконфессионалдық келісімді нығайту және дамыту институты ретінде

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жыл  Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланды.  Биылғы жылғы барлық іс-шаралар біздің республикамыздың басты құндылықтары -  тәуелсіздікке, бостандыққа, бірлікке, Қазақстан халқының татулығы мен келісіміне арналған. 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жыл  Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланды.  Биылғы жылғы барлық іс-шаралар біздің республикамыздың басты құндылықтары -  тәуелсіздікке, бостандыққа, бірлікке, Қазақстан халқының татулығы мен келісіміне арналған.   Құрылғалы өткен 20 жылда  бұл институт шын мәніндегі жалпыхалықтық, саясатүсті органға айналды.  Жылды ашарда сөйлеген сөзінде біздің Президентіміз атап өткендей: «Бүгінде ҚХА – халықтық өкілдік институты, азаматтық қоғамның авангарды».   

Мерейтойлық іс-шараларды өткізу шеңберінде 2015 жылғы 26 маусымда Петропавловск қаласында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік  университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы этноконфессионалдық келісімді нығайту және дамыту институты ретінде» атты халықаралық ғылыми-теориялық    конференция болып өтті.  

Бұл іс-шара ғылыми-теориялық әзірлемелерді өзара іс-қимыл және коммуникация арқылы практикалық қызметпен қосуға бағытталған. Бұл одан арғы қызметке қарқын беріп, қазақстандық қоғамды жұмылдыра түсетін процесті тереңдетуге,   этноконфессионалдық келісімді сақтап, дамытуға ықпал етуге бағытталған. 

Конференция жұмысына ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының, мемлекеттік мекемелердің, колледждердің, жалпы білім беретін мектептердің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.  

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан барлық қатысушыларды әкімнің орынбасары Ерлан Әукенов құттықтады: «Біз бәріміз Ассамблеяның табысы туралы ойланатынбыз, сонда нақты жауапты Елбасыдан еститінбіз. Ол біз осыдан 20 жыл бұрын көтерген бастамалар мен мұраттарға негізделетінін ұмытпауымыз керек» деді ол.  

 

Әрбір сөйленген сөзде біздің елдегі татулық пен келісім атмосферасын сақтаудың маңызы туралы жарқын да нақты ойлар айтылды. Өйткені Қазақстан Республикасы этносаралық толеранттылықтың бірегей моделін құрудың  үлгісі болып табылады. 

Конференция қарсаңында 70 адам қатысатынын мәлімдеді. Оның 12-сі шет елдерден, қалғандары Қазақстан қалаларынан  (Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Екібастұз, Петропавловск) келген.

Конференция материалдарының авторының ішінде – 2 академик, 15 ғылым докторы, 21 ғылым кандидаты бар, олар РҒА Кабардин-Балкар гуманитарлық зерттеулер  институты, Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекеме Сібір бөлімшесі Археология және этнография институтының Омбы филиалы, П.С. Нахимов атындағы Қара теңіз жоғары әскери-теңіз училищесі, «Интеллект Орда» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің халықаралық интеграция институты, Назарбаев Университет, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е. Букетов атындағы ҚарМУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан МУ, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институты, Қорған мемлекеттік университеті, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика университеті,  ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ сияқты жетекші университеттер мен ғылыми-сарапшылық ұйымдардан келген ғалымдар.  

Конференция жұмысы мынадай бағыттар бойынша ұйымдастырылды: 

1.               Елдегі және әлемдегі конфессияаралық диалог пен этносаралық қатынастарды үйлестірудегі Қазақстан  Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі.

2.                 Қазақстанның мемлекеттік этносаясаты және әлемдік тәжірибе   

3.                 Междисциплинарные подходы в осмыслении деятельности Ассамблеи народа Казахстана.

4.                 Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық элементтері: қызметінің мазмұны мен нысандары.

5.                 Қазақстан халқы мәдениеттерінің диалогы: бастаулар, дәстүрлер, қазіргі заман.

6.                 «Мәңгілік ел» идеясына  Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі тұрғысынан  қарау.

 

Ғылыми-теориялық конференцияның бағдарламасы мазмұнды және өзекті болып шықты: Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы кітап көрмесі мен қабырғалық ақпараттарды қарау, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік  университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасына бару,   Петропавловск қаласындағы №17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің музейін, Абылай ханның ордасын, Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтарының облыстық өлкетану музейін аралау (халықтық көркемөнерпаздардың концерттік номерлерін тамашалау)    үлкен әсер қалдырды.

Ғылыми-теориялық конференцияның нәтижесі бойынша ұсынылған мақалалардың барлығы қамтылған жинақ дайындалды. 

Конференцияны Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік  университеті, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.   

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз хатшысы

Мария Чернышова

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі 

Людмила Гривенная

 

 

 

Кейін қарай