09 Желтоқсан, 2016
1950
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 25 ЖЫЛЫ» ФЕСТИВАЛІ
2016 жылы 9 желтоқсанда «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» фестивалі болып өтті.
Фестивальді ашарда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, қоғамда бірлестікті, келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, мемлекетті дамытудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы мен рөлін атап көрсетті, сондай-ақ корей, неміс және ұйғыр ұлттық театрларына академиялық мәртебе беру туралы өзінің шешімін жариялады.
Фестиваль барысында ҚХА-ның жалпыреспубликалық жобалары: балаларға мемлекеттік тілді үйретуге арналған «Мың бала» жобасы мен «Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық акциясының қорытындылары шығарылды.
Фестиваль шеңберінде этномәдени бірлестіктердің көркемөнер және кәсіби шығармашылық ұжымдарының театрлық, вокалды-хореографиялық қойылымдары мен би композицияларынан тұратын, этномәдени бірлестіктердің «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» театрландырылған көрсетілімі қойылды.
Онда Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи жетістіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыхалықтық институтының бірегейлігі, қоғамның үйлесімді дамуының халықаралық эталоны ретінде танылған Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік моделі көрініс тапқан.
Қойылымдарды көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің 47 шығармашылық ұжымы қатысқан.
Іс-шараға Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, барлық облыстардан келген республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенді мүшелері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО ректорлары, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, шығармашыл ұжымдар, ғылым, шығармашыл зиялы қауым өкілдері, студенттер мен БАҚ қатысты.
Фестивальге қатысушылар мен келген қонақтардың жалпы саны 10 000 адамнан асты.
* * *
Анықтама үшін:
Фестиваль бағдарламасы:
- Вокалдық-хореографиялық композиция «ӨЗ ЕЛІМ» (384 қатысушы);
- Музыкалық-аспаптық увертюра «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ КЕЛБЕТІ» (131 қатысушы);
- Театрлық-хореографиялық қойылым «ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІ», ҚХА-ның «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» қайырымдылық акциясына қатысушылардың салтанатты шеруі (600 қатысушы);
- Театрландырылған қойылым «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҚЫТЫ ҮШІН МЫҢ АЛҒЫС!» (285 қатысушы);
- Вокалдық номер «ҚАЗАҚСТАН, СЕН МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕСІҢ!» (249 қатысушы);
- Балалардың вокалдық-хореографиялық қойылымы «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» (450 қатысушы);
- Голографиялық экранда проекциялауды пайдалана отырып, қойылған «БАЛҚАДИША – ҒАСЫРЛАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ» вокалдық номері (59 қатысушы);
- Жас спортшылардың өнер көрсетуімен ұштасқан вокалдық номер «ЕЛ ЖАЛАУЫ ҰЛЫ ЖЕҢІСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ!» (370 қатысушы);
- Хореографиялық композиция «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕҢ ШАҢЫРАҒЫ» (745 қатысушы);
- Вокалдық-хореографиялық композиция «АТАМЕКЕН» (1500 қатысушы).
______________
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
вчера, 15:38