
07 Қыркүйек, 2017
849
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының жұмыстарын жандандыру
2017 жылдың 4-5 қыркүйек күндері Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ–нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының негізгі жұмыстарын жандандыру мен түсіндіру және өзара қызметінің іс-қимыл дәрістемесі мақсатында облысымыздың Атырау мұнай және газ университетінің конференц - залында өңірлік семинар өтті. Атырау облысындағы үш жоғары оқу орнында Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары 2015 жылдан бері жұмыс жасайды.
Атап айтсақ, Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті, Атырау мұнай және газ университеті, Атырау инженерлік–гуманитарлық институтында кафедра жұмысын ілгерлету үшін Солтүстік Қазақстан облысының М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, доцент Людмила Гривенная семинарға арнайы шақыртылды.
Семинарға жоғарғы оқу орындарының басшылары мен ұстаздары, этномәдени бірлестіктердің басшыларымен мүшелері, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары , «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кафедра қызметкерлерінің алға қойған мақсаттары көп. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының Ассоциациясына кіру. Сонымен қатар, мұғалімдердің әлеуметтік жобаға қатысу мүмкіндігін саралау, азаматтық институттарын дамыту салалары сөз болды.
Қазақстан Республикасының көшбасшысы Н.Назарбаевтың жолдауындағы «Туған жер»; «Мәңгілік ел»; «100 нақты қадам»; «Рухани жаңғыру» сынды тақырыптарға тоқталып, ой-пікірлер алмасты.
Елбасының жолдауындағы осындай айбарлы тақырыптар айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді.
ҚХА жанындағы кафедралардың жұмысын жақсарту.
Атырау инженерлік –гуманитарлық институтының ҚХА кафедра меңгерушісі Хасанова Жамиляш өз сөзінде: «Сөзсіз, біз әріптестерімізбен байланысты жалғастырып, тәжірибемен алмасып, әдістемелік құралдармен бөлісіп жүреміз. Келесі жылға бекітілген жоспар бойынша Ассамблея кафедрасында сабақ өтіп, дәрістер оқылатын болады.
«Этносаралық қарым-қатынас негізі» атты арнайы курс ұйымдастырылды. Қазіргі таңда кафедра негізінде дөңгелек үстелдер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен, этномәдени орталықтарымен кездесу өткізу жоспарлап отырмыз,»- деді.
Аталған семинардың аяқталу барысында қатысушылардың бәріне сертификаттар табысталып, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі ҚХА жанындағы кафедралар мен тығыз ынтымақтастықта қызмет атқару жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатындығын айқындады.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Дата события ассамблеи: 07.09.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ