26 Ақпан, 2016
780
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
2016 жылғы 26 ақпанда Астанада Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.
ҚХА Кеңесінің отырысында «Үлкен үй – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселелері қаралды, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымындағы ҚХА депутаттық тобының қызметі қорытындыланды.
Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы «барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысына «Мәңгілік Ел» идеясының, сондай-ақ Қазақстан халқының форумында және биылғы жылғы сәуір айында өтетін ҚХА-ның XXIV сессиясында ұсынылатын Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту тұжырымдамасының іске асырылуы бойынша есеп беруге кірісіп кеткенін» атап көрсетті.
ҚХА Кеңесінің қазіргі кезеңдегі басты міндеті Қазақстан Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық міндеттерін іске асыру болып табылады. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу басты бағыт болуы керек».
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы «енді бірнеше күннен кейін барша Қазақстан халқы Мемлекет басшысының Жарлығымен белгіленген Алғыс айту күнін алғаш рет атап өтетінін мән бере айтып өтті.
Алғыс айту күні Ұлы Дала Елінің ұлы мұрасын лайықты түрде жалғастырушы – қазақ халқының ежелгі кең пейілділік, қонақжайлық және мейірімділік салттарынан бастау алатын мәдениеті пен дәстүрлерінің орасан зор тарихи негіздеріне сүйенеді».
Ассамблея Кеңесінің отырысын ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов жүргізіп отырды, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Е.Каппель баяндама жасады.
Отырыстың соңында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 87-бабына және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес ҚХА Кеңесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Ассамблеядан сайланатын 9 кандидатты ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29