
11 Шілде, 2017
805
Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбайдың Германияның Қоныс аударушылар мен аз ұлт істері жөніндегі федералдық үкіметінің уәкілі, Бундестаг депутаты Хартмут Кошикпен кездесуі
2017 жылғы 10 шілдеде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбайдың Германияның Қоныс аударушылар мен аз ұлт істері жөніндегі федералдық үкіметінің уәкілі, Бундестаг депутаты Хартмут Кошикпен кездесуі болып өтті.
Х.Кошикпен бірге Германия Бундестагының депутаты Г.Цертик, ЕО істері және халықаралық істер жөніндегі департамент басшысы Й.Бентманн, Германия Федеративтік Республикасының (ГФР) Қазақстан Республикасындағы елшілігінің 2-ші хатшысы К.Гронсфельд, Ресей немістері жерлестігі ұйымының федералдық төрағасы В.Айзенбраун және басқалар келді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жағынан кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Тараков, ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.Прокопенко, «Возрождение» немістер қоғамының Астанадағы филиалының төрағасы И.Берг қатысты.
Кездесу барысында Д.Мыңбай Германиядан келген қонақтарды ҚХА-ның құрылу тарихымен, конституциялық мәртебесімен, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша міндеттері және жүргізетін жұмыстарымен, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Ассамблея депутаттарының қызметімен, ҚХА-ның халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жұмысымен таныстырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары елдер арасындағы қатынастардың терең сенімге құрылған және ашық сипатын, ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Федералдық Канцлер А.Меркельдің тұрақты түрде тікелей байланыста болатынын атап көрсетіп, Қазақстан немістерінің қоғамдық бірлестіктерінің «Возрождение» («Wiedergeburt») қауымдастығының қызметі туралы әңгімеледі.
Д.Мыңбай Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын тиімді іске асырудың ел үшін маңыздылығын атап көрсетті.
ГФР делегациясының өкілдері этносаралық тұрақтылықты сақтау мен қоғамдық келісімді нығайтудағы, республикада тұратын барлық этностардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріндегі Қазақстанның оң тәжірибесін және Ассамблеяның маңызды рөлін атап айтты.
Х.Кошик этносаралық қатынастардың үйлесімін орнатуда, бірлік пен мәдениаралық диалогты нығайтуда көптеген елдерге үлгі болып отырған Қазақстанның дара көшбасшылығын атап көрсетті.
Шетелдік қонақтар «Астана опера» әртістерімен және Павлодар музыкалық колледжінің студенттерімен бірге Павлодар облысында өткен неміс мәдениеті мен классикалық неміс музыкасының фестиваліне қатысқандары, оның барысында Қазақстан немістерінің мәдениетін, тілі мен дәстүрлерін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалғанына іс жүзінде көз жеткізгендері туралы әңгімелеп берді.
Д.Мыңбай мен Х.Кошик дуальдық білім беру және бизнес саласындағы мамандарды дайындаудағы өзара іс-қимылдың перспективалары туралы пікір алмасып, бүгінгідей сындарлы кездесу екі елдің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
Кездесуді қорытындылай келе ҚХА төрағасының орынбасары Х.Кошик пен Г.Цертикті Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXVI сессиясына қатысуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы