10 Желтоқсан, 2020
787
«Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлттық саясаттың өзегі»
Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылы қорытындыланды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен кездесуге облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
- Тұңғыш Президент - Елбасының басшылығымен тәуелсіздік жылдары еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Қуатты мемлекет құрылды. Елбасы саясатының маңызды нәтижелерінің бірі - этносаралық келісімнің жоғары деңгейі. Оның бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық саясаттың өзегі болып табылады. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты өміріміздің барлық салаларын реформалаудың ауқымды бағдарламасы белгіленген жолдауын жүзеге асыруды жалғастыратын боламыз, - деді өңір басшысы.
Қарағанды облысы-Қазақстанның полиэтникалық аймақтарының бірі. Мұнда жүзден астам этностар тұрады. 70-тен астам этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Облыстық ҚХА-да Ғылыми-сараптамалық топ, Аналар кеңесі, меценаттар клубы, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысы және басқа да қоғамдық құрылымдар жұмыс істейді.
Облыстық ҚХА "Мың бала", "Қазақтану", "Тарихтан тағылым, өткенге тағзым" және т.б. мәдени-ағартушылық және қоғамдық-саяси жобаларын жүзеге асыруда. Бұған қоса, дәстүрлі түрде еліміздің мәдени және тілдік ортасын дамытуға, ортақ рухани құндылықтарға, мақсаттар мен міндеттерге бағытталған бірқатар жобалар ұйымдастырылуда. Этномәдени бірлестіктер "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлестерін қосуда және қайырымдылық акцияларын өткізеді.
Шара аясында "Қазақстан халқы Ассамблеясына - 25 жыл" мерейтойлық медальдарымен ҚХА белсенділері мен этномәдени бірлестіктердің басшылары марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті