09 Маусым, 2021
614
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ассамблея Кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі ҚХА мен Ассамблея кеңесінің жаңа құрамын мақұлдады.
Ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚХА және Ассамблея Кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.
«Қазіргі құрам ҚР Президентінің 2020 жылғы 23 қарашадағы шешімімен бекітілді. Сонымен қатар, ҚХА сессиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі шешімімен ассамблеяны басқару құқығын ҚР Президентіне беру, сондай-ақ ҚХА құрметті төрағасы мәртебесін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасына бекіту мәселесі мақұлданды», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов.
Ол сондай-ақ, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру шеңберінде этносаралық келісімді қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту жүргізілгенін атап өтті.
«ҚХА хатшылығы жергілікті жерлерде Ассамблея құрамдарын қалыптастыру тәсілдерін әзірледі және қалалар мен облыстардың ҚХА төрағаларына (әкімдерге) жіберілді. Сол бойынша өңірлерде Ассамблея мүшелерін ротациялау жұмысы жүргізілді», - деді Марат Әзілханов.
Оның айтуынша, өңірлік Ассамблея құрамына этномәдени бірлестіктердің, ҚХА құрылымдарының, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен өңірлердің ұсыныстарына сәйкес қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері кіріп отыр.
«Ассамблея құрамы 523 мүшеден тұрады. Оның ішінде орталық деңгейде – 105, өңірлік деңгейде 418 мүшесі бар. Осылайша, Ассамблеяның өңірлік құрамдауышын, сондай-ақ жастар сегментін айтарлықтай кеңейту көзделеді. Ассамблея құрамында барлығы 39 этникалық топ бар», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары.
Сондай-ақ ҚХА кеңесінің құрамы жаңартылады.
«Кеңес құрамы 76 мүшеден (бұрын 72 мүше болған) тұрады, оған Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі мен Тұңғыш Президент - Елбасы Кеңсесінің басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрлері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері кірді. Олар да жергілікті ҚХА төрағалары болып саналады. Кеңестің 10 мүшесі Парламент Мәжілісінің, Кеңестің екі мүшесі Парламент Сенатының депутаттары екенін айту керек, - деді Марат Әзілханов.
Сондай-ақ, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Ассамблеяның ресми өкілін тағайындады.
«Ассамблеяның бірыңғай ресми ұстанымы айтылуы қажет мәселелер жиі туындап жатады. Ассамблея құрамына ресми түрде кіру барлық өзекті және қоғамдық мәселелер бойынша ресми ұстанымды білдіруге мүмкіндік береді», - деді ол ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Аталмыш міндет ҚХА Журналистер клубының төрағасы Майя Бекбаевқа жүктелетін болды
«Кәсіби журналист Майя Төлегенқызы БАҚ жұмысын, сондай-ақ этносаралық қатынастар тақырыбын жария етудің ерекшеліктерін жақсы біледі», - деді Марат Әзілханов.
inform.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қонаев қаласындағы Достық үйінде Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы активімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цоймен кездесті
9 Ақпан, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
5 Ақпан, 18:45
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
9 Ақпан, 18:31
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
4 Ақпан, 18:08