Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Маусым, 2016

694

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасында медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға және аталған Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасында медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға және аталған Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Қол қою рәсімі Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы шеңберінде болып өтті.

Меморандумға қол қоюдың негізгі мақсаты қоғамдағы шиеленістің деңгейін төмендетуге әсер ететін дауларды сотқа дейінгі реттеу, соның ішінде медиация институтын дамыту мен оны жан-жақты енгізу бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыру болып табылады.

Мемлекет басшысы судьялардың VI съезінде сот тәртібінде қаралатын даулардың санын қысқартудың, оларды шешудің баламалы түрлерін енгізудің, татуластыру рәсімдерін және медиацияны дамытудың маңыздылығын айтқан болатын.

Қазіргі уақытта медиация институты қоғам арасында және кәсіби заңгерлер тарапынан қолдау тауып келеді. Осы жылдың 5 айы бойынша татуластыру рәсімдерімен шешілген істер былтырғы жылға қарағанда екі есеге жақын өсімді көрсетіп отыр (2016 жыл - 9 394, 2015 жыл - 5 347).

Сонымен қатар, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институтын қолдануды кеңейту үшін облыстық және оларға теңестірілген соттар мен әкімдіктер және қоғамдық ұйымдар арасында меморандумдарға қол қою жұмыстары жүргізіліп келеді.

Осындай Меморандумдарға іс жүзінде барлық облыстық соттар мен әкімдіктер қол қойды. Оларда дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру, сәйкесінше медиа-жоспар қабылдау, елді-мекендерде медиация кабинеттерін ашу жұмыстарын жалғастыру, оның қызметіне отставкадағы судьяларды тарту, кәсіби емес медиаторлардың рөлін күшейту, медиаторларды даярлау бойынша семинар-тренингтер өткізу және тағы басқа іс-шаралар қарастырылған.

   

фото: sud.gov.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі

Кейін қарай