Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Маусым, 2016

738

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСТЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ

 

9 маусым күні Атырау қаласында Қазақстанның батыс өңірлеріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің отырысы өтті. Аталмыш отырыс 5 маусым күні Ақтөбедегі террорлық әрекеттерде қаза тапқан әскери қызметшілер мен азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.

Іс-шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, мемлекеттік  органдардың өкілдері қатысты.

Ералы Лұқпанұлы өз сөзінде Президенттің қырағы болуға, зорлықпен құқыққа қарсы әрекет жасауға шақырған үндеулердің батыл түрде жолын кесіп, құқық қорғау органдарына барынша көмек көрсетуге шақырған мәлімдемесіне назар аударды. 

«Президентіміз қоғамымыздың, еліміздің тыныштығын бұзуды мақсат тұтқандарға қарсы күресте қосымша қатаң шаралар қолдану керек деген тапсырма берді. Ахуалды Президенттің өзі бақылап отыр. 6 маусымда Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемнің барша мұсылмандары үшін  қасиетті болып табылатын Рамазан айы басталарда жасалған адамдылыққа жатпайтын актіге қатысты ашу-ызаларын білдіріп, үндеу  жасады. Біз мұны барлығымызға, Қазақстан халқына төнген сын-қатер деп бағалаймыз», - деп атап көрсетті Ералы Лұқпанұлы.

Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын ұйымдастырудағы Батыс Қазақстан облысының тәжірибесі қаралды. Сондай-ақ, қатысушылар Жылыой ауданының Қоғамдық келісім кеңесінің және «Ембімұнайгаз» АҚ-дағы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын талқылады.  

   

Кейін қарай