04 Қараша, 2016
791
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСТЕРІНІҢ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗДІК НЕГІЗІ – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
2016 жылғы 4 қарашада Талдықорған қаласында, Алматы облысының әкімшілігі ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік негізі – қоғамдық келісім» атты республикалық форумы болып өтті.
Форум жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл және Юрий Тимощенко, ҚХА мүшелері және өңірлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысты.
Форум қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде Г.Әбдіқалықова қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері жүргізетін жұмыстың маңызын, Қоғамдық келісім кеңестері ҚХА Төрағасы – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылғанын атап көрсетті. Қоғамдық келісім кеңестерінің міндеті мемлекеттік реформаларды іске асырудың басты шарттарының бірі ретінде тұрақтылықты, азаматтық татулықты, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.
Форумда Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарының Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыс тәжірибелері, Ассамблеяның Аналар кеңестерімен, медиация институттарымен өзара іс-қимыл жасаудың негізгі бағыттары және басқа мәселелер қаралды.
Кеңестердің қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы және халықтың өзекті мәселелерін шешудегі қоғамдық бақылау тетігі ретіндегі рөлін арттыруға бағытталған ұсыныстар тұжырымдалды.
Сондай-ақ, форум аясында "Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің өңірлік аспектісі: тәжірибе, әдіс-тәсілдері" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Қоғамдық келісім кеңестерінің жобалар көрмесі ұйымдастырылып, "Медиация негіздері", "Қоғамдық келісім кеңестері және татуластыру рәсімдері" шеберлік сабақтары өтті.
тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,
+7775 400 86 39,
E-mail: info_rgy@mail.ru,
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ