28 Қараша, 2017
690
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҰЛТТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ФЕДЕРАЛДЫҚ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
2017 жылғы 27-28 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі ҚХА-ның депутаттық тобының жетекшісі С.Абдрахманов және Ассамблеяның басқа да мүшелерінен құралған делегация ресми сапармен Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында болды.
Іс-сапар шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ресей Федерациясының Ұлттар ісі жөніндегі федералдық агенттігінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумда этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, нәсілге, ұлтқа, тілге және дінге негізделген кемсітушіліктің барлық нысандарының алдын алу, бірлескен әлеуметтік-мәдени іс-шаралар, ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізу, ғылыми еңбектерді, бірлескен зерттеулерді шығару және тағы басқа озық тәжірибелермен алмасу мәселелері қарастырылған.
Қол қою рәсімі барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Д.Мыңбай бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделінің негіз құраушы қағидаттарына, Қазақстанда бәсекеге қабілетті және қазіргі заманғы ұлтты қалыптастыруға бағытталған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының іске асырылуына жеке тоқталды.
Өз кезегінде РФ Ұлттар істері жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы И.Баринов Ресейде этносаралық қатынастарды үйлестіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айта келіп, тараптардың серіктестік қағидаттарында қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту, ғылыми және ақпараттық салаларда өзара іс-қимылын ұйымдастыру – меморандумның мәні болып табылатынын атап көрсетті.
Сондай-ақ ҚХА өкілдері бірқатар кездесулер өткізді.
РФ Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары М.Магомедовпен және РФ Мемлекеттік думасының Ұлттар істері жөніндегі комитетінің төрағасы И.Гильмутдиновпен кездесу барысында қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етуде, азаматтық бірегейлік пен бірлікті нығайтуда екі елдің өзара іс-қимыл жасауының өзекті мәселелері қаралды, ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды.
РФ мемлекеттік және қоғам қайраткері Р.Аушевым кездесу барысында Д.Мыңбай оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын іске асырудың негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, бұл жай Қазақстанда туып-өскен Р.Аушевтің қызығушылығын оятты.
Сапар соңында делегация «Этноәлем» этнографиялық паркінің жұмысымен танысып, ресейлік әріптестерді Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына қатысуға шақырды.
Дата события ассамблеи: 28.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
вчера, 15:38