Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Ақпан, 2017

961

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

2017 жылғы 8 ақпанда Талдықорған қаласындағы Тілдер сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық аналар кеңесінің «Конституциялық реформа және жастардығ бойында патриотизм рухы мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыстың жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ш.У.Нұрымов, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының «Қоғамдық келісім» мекемелерінің басшылары мен Аналар кеңестерінің төрайымдары, аудандық Аналар кеңестерінің төрайымдары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, мектептер мен колледждер директорларының орынбасарлары, білім беру, тілдерді дамыту, ішкі саясат басқармаларының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты    Ш.Нұрымов өз сөзінде: «Біз ең үлкен өзгерістің куәгері болдық. Президент өз өкілеттіліктерін бөліп беру жайында Үндеу жариялады. Бұл Елбасының өзі құрған Парламенті мен Үкіметіне және халқына деген зор сенімі. Бұл бүгінгі күннің талабы. Меніңше, бұл өте жақсы өзгерістер мен толықтырулар. Жұмысты үйлестіруге жақсы. Бұл қоғамымызды дамытуға үлес қосады. Үкімет пен Парламенттің жауапкершілігін арттырады. Президент билігінің күші одан да зор болады. Барлық жағынан жауапкершілік күшейе түседі»,-деді.

Отырыс барысында:

- «Президент реформасы және жастардың бойында патриотизм рухы мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру»;

- Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша негізгі баяндаманы Алматы облыстық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев жасады. Талдықорған қалалық Аналар кеңесінің мүшесі, заң колледжінің арнайы пәндер кафедрасының меңгерушісі Л.Бердіқожаева, Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісімнің» әдістемелік бөлімі меңгерушісі С.Құрманқұлова, ШҚО Аналар кеңесінің төрағасы М.Дәулетбекова, Алматы облыстық Аналар кеңесі мүшесі, облыстық «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасары З.Сайдильдина тақырыпқа сай өз ойларын ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған Алматы облысының Құрметті азаматы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Оразбекова Күләш Айтмолдақызы жолдаудың төртінші басымдығы «адами капитал сапасын жақсартуға» тоқталды. Оның ішінде жастардың ұлттық сана сезімін дамыту, өскелең ұрпақты адамгершілік, патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Іс-шараға қатысушылардың барлығы Елбасының Үндеуі мен Жолдауын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

Отырыс аяқталғаннан кейін облыстық Достық үйінде «Мәңгілік Ел. Отбасы, мәдениет және Қазақстан халқының игі дәстүрлері» тақырыбында ҚХА Аналар кеңесінің республикалық семинары өтті. .

Іс-шара барысында Алматы облысы ҚХА Аналар кеңесінің және этномәдени бірлестіктердің озық жұмыс тәжірибесі қаралып, өңірлік көрме өткізілді және театрландырылған қойылым көрсетілді.

Кейін қарай