
18 Қаңтар, 2022
555
Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық онлайн отырысы өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясы 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында айтылған Президенттің бастамаларын, сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорының құрылуын қолдайтындығын мәлімдеді. Бұл туралы 2022 жылғы18 қаңтарда ҚХА республикалық дөңгелек үстелінің онлайн-отырысында хабарланды.
Іс – шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің ҚХА депутаттық тобының мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының және этномәдени бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің ашылу барысында М.Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі орын алған қайғылы оқиғаның салдарын жоюға белсенді атсалысып жатқанын атап өтті. «Өңірлерде қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, халықтың зардап шеккен және әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін қаражат жинау әліде жүріп жатыр. Ассамблея жастары блокпосттардағы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және көшелерді тазалаумен айналысатын коммуналдық қызметтің жұмысшыларына ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастырды», – деді Марат Әзілханов.
Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың Мәжіліс отырысында сөйлеген бағдарламалық сөзі қаңтар дағдарысының бетбұрысты кезеңін айқындады. «Жаңа Қазақстан - бұл қоғамдық құндылықтарды қайта қарап, қоғамдағы әлеуметтік және басқа да мәселелерді еңсеру, бұл біздің бірлігіміздің жаңа сапасы, мемлекеттік аппаратты жаңарту, өмір сапасының гуманитарлық, адами өлшемдерін кеңінен енгізу және адами капиталға ден қою», – деп атап өтті ҚХА Төрағасының орынбасары.
М.Әзілханов «Қазақстан халқына» қорын ашудың маңыздылығына ерекше назар аударды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы бірінші кезекте осы қордың жұмысына жәрдемдесуі тиіс. Өйткені, бұл жай ғана қайырымдылық ұйымы емес - бұл біздің ортақ әлеуметтік жауапкершілігіміздің жалпыұлттық институты», – деді спикер.
Отырыс барысында қатысушылар алдағы атқарылатын жұмыс бойынша өз ұсыныстарымен бөлісіп, Ассамблеяның барлық мүшелерін Президент белгілеген жаңа міндеттерді қолдауға шақырды.
Атап айтқанда, ҚХА бастамасымен барлық өңірлерде бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылды. Олардың қатарында қираған ғимараттар мен нысандарды қалпына келтіру бойынша волонтерлік және қайырымдылық акциялары, мұқтаж жандарға, әсіресе зардап шеккен әскери және полиция қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету, «Қазақстан халқына» қоры жұмысының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша ҚХА мүшелерімен және меценаттармен жиналыстар ұйымдастыру жоспарланған.
Осы ретте, 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланғанын ескере отырып, ҚХА-ның жекелеген жобалары көзделген мақсаттарға сәйкес қайта қаралатындығы айтылды, оларды іске асырумен жергілікті жерлерде Аналар кеңесі мен ҚХА өзге де құрылымдары бірлесіп айналысатын болады.
Іс-шара соңында қатысушылар үндеу жасап, ел азаматтарын Президентті қолдауға және барлық белгіленген реформаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті