Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Желтоқсан, 2025

53

Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты

2025 жылғы 9 желтоқсан күні Қостанайда тәжірибе алмасу және жастар бастамаларын дамытатын ауқымды алаңға айналған Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Ассамблея жастары» активі, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен келген Студенттік Ассамблеялардың жетекшілері мен мүшелері қатысты.



Форум еліміздегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға, жастар мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарындағы Студенттік Ассамблеялар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған. Бағдарлама аясында қатысушылар көшбасшылық және мәдениетаралық коммуникация бойынша шеберлік сыныптарына қатысып, студенттік жобаларға инвестициялар тарту жөнінде мәлімет алып, «ЭтноQuiz» интерактивті ойынына қатысып, өңірлердегі Ассамблеялар жұмысының табысты тәжірибелерін және алдағы қызметтің басым бағыттарын талқылады.

Студенттік Ассамблеялар желісін құру Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қозғалысын дамытудың жаңа кезеңін ашатыны атап өтілді. Студенттерді бірлік құндылықтарын ілгерілетуге , әлеуметтік жобаларды іске асыруға және шығармашылық бастамалар жұмысына белсенді атсалысуы жастардың жан-жақты дамуына серпін беруде.

Қазіргі уақытта 100-ден астам Студенттік Ассамблея еліміздің колледждері мен университеттерінде жұмыс істейді, олар белсенді жастарды біріктіретін орталыққа және өзін-өзі дамыту алаңына айналып келеді.

Қостанай облысының Студенттік Ассамблеяларына сертификаттар табысталды, ал ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.



Форум Студенттік Ассамблеялар жастарының көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды іске асыруға және қоғам өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін маңызды алаң екенін айқын көрсетті. Қатысушылар алдағы қызметті жетілдіру, жаңа жобаларды енгізу және патриоттық тәрбие, этносаралық келісімді нығайту, жастар қозғалысын дамыту бағыттарындағы келешек қадамдарды талқылады.

Кейін қарай

Ең оқылымды