Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Ақпан, 2026

4

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығымен және ҚХА кафедрасының өкілдерімен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығының төрағасы Наталья Калашниковамен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасының оқытушылар құрамымен және магистранттармен кездесті.

«Этносаясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан магистранттардың диссертациялық зерттеулерінің тақырыптарын талқылап, этносаралық қатынастар саласындағы ғылыми жұмыстың негізгі міндеттері айқындалды.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылауға, жалпыұлттық бірлікті нығайту мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың қатысуының маңызы атап өтілді.

Кейін қарай