Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қыркүйек, 2025

21

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

2025 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары жұмыс сапар аясында Шығыс Қазақстан облысы этномәдени бірлестік өкілдерімен, жастармен кездесу өткізіп, онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру, этносаралық келісімді нығайту, ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін арттыру және қоғамдық бастамаларды дамыту мәселелері талқыланды.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының активімен кездесу өтті. Іс-шарада ҚХА 30 жылдығына арналған маңызды іс-шараларды өткізу, Ассамблеяның әлеуметтік маңызы бар креативті жобаларын дамыту мәселесі қозғалды.


Сондай-ақ, Марат Әзілханов Достық үйлерінің республикалық конгресіне қатысты. Шараға еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам делегат жиналды. Олардың қатарында – ҚХА басшылығы, Достық үйлерінің өкілдері, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен жастар бар.


Төраға орынбасары «Ассамблея жастары» РҚБ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің мүшелері мен облыстың белсенді жастарымен кездесу өткізді. Жастармен диалогта креативті жобаларды қолдау, көшбасшылықты дамыту және әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысу тақырыптары талқыланды.


Кездесулер барысында қоғамдық келісімді нығайту, этномәдени бірлестіктерді қолдау және олардың мәдениетін жаңғырту тақырыптары талқыланса, «Ассамблея жастары» желісі бойынша - креативті жобаларды қолдау, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және Ассамблеяның әлеуметтік маңызы бар жобаларына жастарды белсенді тарту мәселелері айтылды.


Сапар бағдарламасының соңында Марат Әзілханов облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығына барып, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметімен танысты.



Айта кету керек, сапардың мақсаты – этносаралық диалогты нығайту, жастар бастамаларын дамыту және ауқымды мәдени жобаларды қолдау.

Кейін қарай