Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Қараша, 2015

838

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2015 жылғы 10 қараша күні сағ.15.00 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

2015 жылғы 10 қараша күні сағ.15.00 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, министрліктер мен ведомстволар өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, еліміздің жоғарғы оқу орындарындағы ҚХА кафедралары мен орталықтарының меңгерушілері, БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов өз сөзінде: «Өздеріңіз білетіндей, Академия ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің базасы болып есептелінеді. Ол 2011 жылы этносаралық және конфессияаралық қатынастағы мәселелерді шешу мақсатында Елбасы тапсырмасымен құрылды. Біз өз қызметімізді үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырамыз. Яғни, біріншіден мемлекеттік қызметкерлер мен кіші ҚХА мүшелерін этносаралық келісімнің түрлі мәселелеріне үйрету, мемлекет жүргізіп отырған саясатты түсіндіру. Екіншіден – Ассамблея қызметін ғылыми түрғыда қамтамасыз ету. Үшіншіден – жалпы Қазақстан бойынша аналитикалық жұмыс жүргізу»,- деді.

 

 

Кеңес отырысында «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарының «Біртектілік және бірлік» бағытын іске асыру бойынша ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің атқаратын қызметі туралы, ҚХА Медиация институтын қалыптастыру мен дамыту бойынша өзекті мәселелер қарастырылып, қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайту жолындағы ҚХА кафедралары жұмыстарының негізгі бағыттары талқыланды.

Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған үздік ғылыми жұмыстардың республикалық конкурсына қатысқан жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарының тұсаукесері және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттау рәсімі өтті.

 

Сондай-ақ, ҚХА ҒСК кеңейтілген отырысында жас ғалымдар арасында өткізілген, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған үздік ғылыми жұмыстардың республикалық конкурстарының, «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» тақырыбына өткізілген үздік ғылыми жұмыстар конкурсының қорытындысы салтанатты түрде жарияланды.

Кейін қарай