Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Желтоқсан, 2015

765

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы болып өтті.

Астана. 2015 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы болып өтті.

Астана. 2015 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы болып өтті.  

Отырысқа Мемлекеттік комиссияның мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚХА сараптамалық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі, Комиссия төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары И.Рогов, мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев, Алматы облысының әкімі А.Баталов Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспарының іске асырылуының қорытындысы туралы баяндама жасады.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде ҚХА жылын өткізу бойынша Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарға, тұтастай алғанда, қол жеткізілгенін атап көрсетті. Елде шамамен 30 мыңға жуық іс-шаралар өткізілді, халықаралық алаңшалар іске қосылып, оларда шетелдік азаматтық қоғам институттарымен, шетелдегі қазақ диаспораларымен  кездесулер өткізілді.

Бұл ретте мынадай нәтижелерге қол жеткізілді: Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі әлемдік қауымдастықта халықаралық эталон ретінде кеңінен танылды; қазақстандық біртектілік пен бірліктің одан әрі нығаюы мен дамуы қамтамасыз етілді; қоғамдық санада «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары беки түсті; Ассамблея жылы  Бес институттық реформаны іске асыруды бастау үшін қолайлы әлеуметтік-психологиялық атмосфера жасады.

Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының бұл жұмысты лайықты бағалағанын ерекше атап көрсетті: 3 мыңнан астам адам Ассамблеяның 20 жылдығы мерейтойлық медалімен, 10 мыңға жуық адам Конституцияның 20 жылдығы медалімен марапатталды. 

Отырыс соңында Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова Мемлекеттік комиссия мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларына жақсы жұмыстары үшін ризашылығын білдіріп, бұдан кейін атқарылар жұмыс бойынша бірқатар нақты тапсырмалар  берді.

_____________________

 

 

 

 

Кейін қарай