Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Шілде, 2015

881

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған Республикалық мәдени-ағартушылық «Мың бала» конкурсы

2015 жылғы 30 маусымында Алматы қаласында «Тау–Самал» сауықтыру кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған Республикалық мәдени-ағартушылық «Мың бала» конкурсына 300-ге жуық балалар мен оқытушылар құрамының қатысуымен «А ну – ка вожатый» атты ұлттық спорт ойындары, конкурстар мен викториналар өтті.

2015 жылғы 30 маусымында Алматы қаласында «Тау–Самал» сауықтыру кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған Республикалық мәдени-ағартушылық «Мың бала» конкурсына 300-ге жуық балалар мен оқытушылар құрамының қатысуымен «А ну – ка вожатый» атты ұлттық спорт ойындары, конкурстар мен викториналар өтті. «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру мүмкіндіктерін көздейді. Байқауды ұйымдастырушылар «Тау-Самал» лагерінің бастамашылығымен Алматы қаласы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ және Алматы қаласы кәсіподақтар одағы болып табылады. Конкурс жеңімпаздары дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Кейін қарай