Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Шілде, 2015

856

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналды

Биылғы жыл Қазақстан үшін ел бірлігін ту еткен Қазақстан халқы  Ассамблеясы жылы.  Бүгінде өңіріміз достық пен бірлікті насихаттайтын тағылымы мол түрлі мәдени-шаралармен танылып келеді. 

Биылғы жыл Қазақстан үшін ел бірлігін ту еткен Қазақстан халқы  Ассамблеясы жылы.  Бүгінде өңіріміз достық пен бірлікті насихаттайтын тағылымы мол түрлі мәдени-шаралармен танылып келеді. Сондай мәдени шараның бірі  11 шілде күні Сол жағалаудағы этноауыл кешенінде өткен Зырян ауданы Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының концерті болды.

Әр  тілде нақышына келтіріліп, өз бояуымен өрнектеле шырқалған ән мен жыр  этноауылды бір әсем күйге бөлегендей болды. Концерт бағдарламасында қазақ ән-күйлерінен басқа, ауданда тұратын этностар: орыс, украин, неміс, татар тілдерінде әндер орындалды. Жүргізушілер Отанға, ел бірлігіне, Қазақстан этностарының достығына арналған өлеңдер оқыды. Ұлттық айшықтармен өрнектелген костюмдер киген өнерпаздардың өнерін тамашалауға жиналған қауым, құлақ құрышын қандыратын, жүрекке ой салатын әндерді тыңдап, ерекше әсер алды. Жас қыз, жігіттерден құрылған неміс би ансамблі, «Веснушки» қыздар би ансамблі халық билерін орындап, көрермен көңілінен шықты. Зыряндықтар өнер арқылы  Қазақстан халқының ынтымақтастығын, тілі бөлек болса да, тілегі бір, мақсаты ортақ екендігін тағы бір дәлелдеді. 

«Достық үйі»  қоғамдық келісім орталығы

Кейін қарай