Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қараша, 2017

631

Қазақстан Халқы Ассамблеясын білу бойынша байқау

2017 ж. 15 қарашада Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының тарихын, этностарын, олардың ұлттық асханасын, салт-дәстүрлерін білу бойынша байқау өтті.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, колледждің ұстаздары мен студенттері, жастар қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен Алматы мемлекеттік бизнес колледжі.

Іс-шара аясында колледж студенттері арасында Қазақстан Республикасының этностарын, олардың салт-дәстүрлері мен асханасын, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихын білу бойынша конкурс, әртүрлі этностардың ұлттық асханаларының көрмесі өтті.

Іс-шара Алматы қаласы ҚХА төрағасы орынбасары, «Ирныхас» мәдени ағартушылық орталығының төрағасы Мамсуров К.В. мен Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Қасымова Г.Қ. кіріспе сөздерінен басталды. Олар Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін сақтаудың, жастар арасында толерантты ойларды қалыптастырудың маңыздылығына атап айтты және оқу орындарының жастарды тәрбиелеуге тигізетін үлкен әсеріне көңіл бөлді. Содан кейін, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жайлы қысқаша ақпарат беріліп, концерттік бағдарлама мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының тарихын, этностарын білу бойынша байқау басталды.

Байқау барысында колледж студенттеріне бірнеше сұрақтар қойылды. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендеріне Алматы қаласының әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нен сыйлықтар берілді. Сұрақтарға жауап бергісі келгендердің үлкен санына көңіл бөлу мәлім. Бұл жастардың Қазақстан ішкі саясатына зор қызығушылығының көрсеткіші.

Концерттік бағдарлама аясында колледж оқушылары әйгілі әндер мен билерді орындап, әртүрлі этностардың музыкалық аспаптарында ойнады. Бағдарлама аяғында, студенттер бірге сахнаға шығып, ән айтып, флешмоб жасады. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері де аралассыз қалмады. Олар жастармен бірге шығып, би биледі.

Іс-шара соныңда, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері оқытушыларды мен студенттерді осындай керемет мейраммен құттықтады.

Дата события ассамблеи: 21.11.2017

Кейін қарай