Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Ақпан, 2016

722

Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлауды өткізу тәртібі

 

Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова өз ерекшелігі бар - Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлауды өткізудің тәртібін түсіндірді.

 Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Депутаттарды ұсыну 20 ақпаннан бастап 29 ақпанды қоса алғандағы мерзім ішінде жүргізіледі. Мәжіліс депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын кандидаттарға қойылатын талаптардың партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптардан еш айырмашылығы жоқ. Саны 9 кандидаттан кем емес кандидаттарды ұсыну құқығы Ассамблея Кеңесіне тиесілі.   Ассамблеядан сайланатын депутаттыққа кандидаттар сайлау жарнасын төлемейді,  сайлау қорларын құрмайды, оларға сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін республикалық бюджеттен ақша бөлінбейді.   

http://khabar.kz/kz/m-ra-at/zhanalyktar/item/47552-17-akpan-2016-zhyl-1600-zhanalyktar-toptamasy

Кейін қарай