Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Маусым, 2015

1701

Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының ҚХА-ның және этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесу

2015 жылғы  19 маусымда сағат 11.30-де  Алматы қаласындағы  Достық үйінде (Құрманғазы көшесі 40, дөңгелек зал) Қазақстан халқы Ассамблеясынан  сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының ҚХА-ның және этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесуі өтті.

Аталмыш іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары - Жұматай Әлиев, Егор Каппель, Роман Ким, Ахмед Мұрадов, Надежда Нестерова, Юрий Тимощенко; Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, қоғам қайраткерлері және тағы басқалар қатысты.

Кездесу барысында депутаттардың атқарған жұмысы бойынша есептер тыңдалды, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының аралық қорытындысы шығарылып, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу бойынша өткен мемлекеттік комиссия отырысында жүктелген тапсырмалар қарастырылды..

Кездесу соңында Алиев Газиз Зияевич пен Дос Көшім «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. 

Кейін қарай