Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2017

1528

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФОРУМЫ

2017 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс айту күніне арналған Форумына қатысты.

Форум жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің, аналар кеңесінің, қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері, ғылыми-шығармашылық зиялы қауым, халықтық қолөнер шеберлері, меценаттар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова іс-шараны ашып, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Алғыс айту күніне орай халыққа арнаған құттықтауын оқып берді.

Мемлекет басшысы «Алғыс айту күні – бұл біздің мемлекеттік және қоғамдық күнтізбемізде жақында ғана пайда болған ерекше күн. Алғыс айту күнін атап өте отырып, біз бір жағынан халқымыздың рухани қаһармандығына құрмет көрсетіп, өткенге көз жүгіртеміз. Ал екінші жағынан, адамгершіліктің айнымас негіздері арқылы жол тартылған болашаққа зор сеніммен қараймыз. Мен тәуелсіз елімізді бірлесіп құрып жатқан Қазақстан халқына ынтымағы мен ерік-жігері үшін алғыс айтамын», деп атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, «Алеф» еврей мәдени-ағарту қоғамының жетекшісі М.Гольдберг, Қазақстан корейлері қауымдастығының өкілі А.Югай өз сөздерінде өзара түсіністік пен бірін-бірі қолдау біздің еліміздің рухани қағидатына айналғанын атап айтты.

Форумға қатысушылар декоративті-қолданбалы өнер шеберлерінің «Жан жылуы» атты киізден жасалған бұйымдардың экспозициялық көрмесін тамашалады.

Форум соңында ҚХА-ның жаңа мүшелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының куәліктерін табыс ету рәсімі өтті, сондай-ақ халыққа және ел Президентіне алғыс білдірген үндеу қабылданды.

Кейін қарай