18 Қараша, 2025
72
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
2025 жылғы 17 қарашада Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті.
Іс-шараның мақсаты қоғамдағы қайырымдылық, гуманизм және өзара қолдау мәдениетін дамытуға бағытталған. Форум аясында Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойлық жылындағы қайырымдылық қызметінің қорытындылары шығарылып, еліміздің барлық өңірлерінен келген меценаттар «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды.
Форум жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасыныңорынбасары Марат Әзілханов, «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері мен меценаттар қатысты.
Бағдарламаның ерекше бөлігі еліміздің әр өңірінен келген ерекше балалардың қатысуымен өткен концерт болды. Жас әртістер көрермендерге мейірімділікті, достық пен бірлікті бейнелейтін әсерлі шығармашылық нөмірлерін ұсынды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық қызметі жалпыұлттық сипатқа ие. 2025 жылдың тек бірінші жартыжылдығының өзінде «Жомарт жан» орталықтары жалпы құны 304 млн теңгеден асатын 476 қайырымдылық және әлеуметтік бастаманы іске асырды. 35 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ әлеуметтік мекемелер бар.
«Мектепке жол» акциясы аясында 7,3 мың отбасына шамамен 12мың оқушыға жалпы сомасы 188,5 млн теңгені құрайтын мектеп формасы мен оқу құралдары табысталды.
Қарттар күніне орай 10 мыңнан астам адамды қамтыған 171 іс-шараөткізілді, көрсетілген көмектің жалпы көлемі шамамен 70 млн теңгені құрады.
Форум мейірім мен өзара қолдау дәстүрлері қоғамда берік орныққанын және қазақстандықтардың жүрегінен кеңінен орын алғанын айқын көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
-
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қонаев қаласындағы Достық үйінде Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы активімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
9 Ақпан, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
5 Ақпан, 18:45
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
9 Ақпан, 18:31
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
4 Ақпан, 18:08