09 Қыркүйек, 2015
1673
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталады
2015 жылғы 11 қыркүйекте сағат 12.30-да Астана қаласының «Қазақ елі» алаңында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталады.
2015 жылғы 11 қыркүйекте сағат 12.30-да Астана қаласының «Қазақ елі» алаңында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталады.
Экспедицияның мақсаты - Қазақстан халқының тарихи-мәдени және рухани мұрасын оқып-үйрену мен насихаттау негізінде қазақстандықтардың бірегейлігі мен ұлттық бірлігін нығайту.
Экспедицияның басталуына арналған театрландырылған салтанатты рәсімге ҚР вице-премьері Бердібек Сапарбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, Қазақ географиялық қоғамының төрағасы Нұрлан Әбдуов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар қатысады.
Экспедицияны ұйымдастырушылар: облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ.
2015 жылғы 10 қыркүйек күні сағат 15:00-да Астана қаласындағы «Park Inn by Radisson» (Сарыарқа 8А) қонақүйінде «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
***
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы
100 қадам Ұлт жоспарының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы серіктестермен бірлесе отырып, «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясын ұйымдастырады.
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өте ауқымды әлеуметтік-тарихи акциялардың бірі.
Экспедиция 2015 жылғы 11 қыркүйекте үш қалада – Астана, Ақтау, Павлодар қалаларында бір мезгілде бастау алып, 2015 жылғы 9 қазанда Тараз қаласында қорытындыланады.
Экспедицияға Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар ұйымдарының, БАҚ өкілдері қатысады.
Экспедицияның серіктестері: Қазақ географиялық қоғамы, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «24 KZ» телеарнасы, Қазақ радиосы.
Экспедиция барысында өңір халқымен 100 нақты қадам Ұлт жоспарының «Біртектілік және бірлік» бағыты бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ - ЕЛ БІРЛІГІ» тақырыбына кездесулерлер; Қазақстан мемлекеттігінің негіздеріне және Қазақ хандығының тарихына арналған «ЖЕР ТАРИХЫ – ЕЛ ТАРИХЫ» тақырыбы бойынша сұхбаттар; «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» бойынша дәріс-таныстырылымдар; экспедицияның жүру бағытындағы қалаларда, кенттерде және ауылдарда орналасқан кітапханалар мен мұражайларға кітаптар сыйға тарту көзделген «Теңдессіз сый» акциялары өткізіледі.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» тарихи-мәдени экспедициясы үш тұжырымдамалық негізде жүзеге асырылады:
отансүйгіштік – халықтың Отанға, туған жерге, біріктіруші ұлттық құндылықтарға деген құрметі мен сүйіспеншілігі;
ғылыми-танымдық – қазақ мемлекеттігі мен тарихи-мәдени мұраларды зерделеу жөнінде ғылыми-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
ақпараттық – жетекші республикалық (электронды және баспа) БАҚ, ҚХА порталы, G-Global алаңы және т.б. арқылы Қазақстан халқының бірегейлігі мен бірлігін нығайта түсетін рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және дәріптеу.
Экспедиции бағыттары:
1. Солтүстік және Орталық бағыты (Астана қаласы - Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары, Жамбыл облысы – Мерке қаласы – ТАРАЗ қаласы);
2. Батыс және Оңтүстік бағыты (Ақтау қаласы., Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Мерке қаласы – ТАРАЗ қаласы).
3. Шығыс және Оңтүстік-шығыс бағыты (Павлодар қаласы - Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, Мерке қаласы – ТАРАЗ қаласы);
4. Алматы – Қаскелең – Қордай – Мерке – Құлан – ТАРАЗ қаласы.
Экспедицияның шарықтау шегі – Тараз қаласында «Тарих толқынындағы Ұлы Дала» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының көрмесінің ұйымдастырылуы. Экспедицияның нәтижесі қатысушылардың жазбаларынан тұратын үш томдық күнделік болады.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған экспедицияның қорытынды іс-шаралары 2015 жылғы 9 қазанда Тараз қаласында өтеді.
_______________________________________________
«Қоғамдық келісім»РММ баспасөз қызметі
тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,
+7707 705 12 11,
E-mail: info_rgy@mail.ru
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЭКСПЕДИЦИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Экспедиция мерзімі: 2015 жылғы 11 қыркүйек - 9 қазан
2015 жылғы 11 қыркүйекте үш қалада сағ. 12.30: Астана қ. Актау қ., Павлодар қ бастау алады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29