01 Қараша, 2016
696
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕСЛІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЕЗЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ
2016 жылғы 1 қарашада Астана бекетінде (ескі теміржол вокзалының алаңында) Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстаным» Поезы» республикалық акциясы бастау алды.
Республикалық акцияның мақсаты – Елбасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктермен таныстыру, халық бірлігін нығайту, мемлекет дамуының негізгі қағидаттары аясында қоғамды біріктіру, әлеуметтік және қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізу, халыққа медициналық, әлеуметтік және құқықтық қызмет көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік салалар бойынша консультативтік қызмет көрсету.
Акцияның салтанатты басталу рәсіміне ҚР Мемлекеттік хатшысы – Гүлшара Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары – Ералы Тоғжанов, ҚР Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары – Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.
«Қоғам, мәдениет, мемлекеттік орган өкілдері мен ҚХА өкілдеріне аталмыш шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. Меніңше, акция халықты медициналық қамтуға, әлеуметтік сала мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Іс-шара барысында Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік бағдарлама өтті.
«Тәуелсіз Қазақстаным» пойызы 43 күн ішінде Қазақстаннның 35 елді мекенінде аялдап, 14 желтоқсанда Алматы қаласында жұмысын аяқтайды. Пойыз қызметі аясында барлық әлеуметтік топтар қамтылады, әлеуметтік аз қамтылған топтарға, ҰОС ардагерлеріне, еліміздің шалғайындағы тұрғындарға ерекше көңіл бөлінеді.
Пойыз құрамында – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мәдениет пен спорт қайраткерлері, медицина қызметкерлері, әлеуметтік сала мамандары бар. Дәрігерлер тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіп, кеңес беру қызметін көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32