
14 Желтоқсан, 2016
1069
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЕЗЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
2016 жылғы 14 желтоқсанда Алматы қаласының теміржол вокзалында Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЕЗЫ» республикалық акциясы салтанатты түрде қорытындыланды.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, жастар БАҚ қатысты.
«Акциямыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығының ел тұрғындарына арналған маңызды тартуының бірі. Бұл шын мәнінде халықтық пойыз. Әрбір аялдама пунктінде құрамына танымал қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Нұр отан» партиясы мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енген топ жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігімен танысты. Қоғамдық қабылдаулар өткізді. Біз бастамаға қолдау білдірген «Қазақстан темір жолы» АҚ-ға, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ-ға, пойыз жұмысына қатысып отырған барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына, қоғам қайраткерлері мен барша белсенді азаматтарға алғысымызды білдіреміз»,- деді өз сөзінде Ералы Тоғжанов.
«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» поезы 43 күннің ішінде елдің барлық өңірлерін аралап, 35 елді мекенде болды. Поезд жұмысы барысында халықтың барлық әлеуметтік топтары қамтылды, соның ішінде әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, шалғай аудандардың тұрғындарына ерекше назар аударылды.
Республикалық акцияның мақсаты Тәуелсіздік жылдарында Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен қол жеткен табыстарды көрсету, халық бірлігін нығайту, қоғамды елді дамытудың негізгі басымдықтарының айналасында жұмылдыру, мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізу, медициналық, әлеуметтік, құқықтық қызметтер көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шарыушылығын дамыту және басқа мәселелер бойынша кеңестер беру болып табылады.
***
«Тәуелсіз Қазақстан» поезы акциясының барысында:
- Қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдық қабылдауларында, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы негізгі қағидаларды, «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын түсіндіру бойынша дәріс-таныстырылымдарда, семинар-тренингтерде 9,5 мыңнан астам адам қатысты;
- азаматтарға медициналық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсету мәселелері бойынша – 11,5 мыңнан астам адам қатысты;
- жергілікті халыққа әлеуметтік қызметтер, денсаулық сақтау, әділет органдары, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, ақпарат және коммуникациялар министрліктері өкілдерінің консультациялық қызметтер көрсету бойынша кездесулеріне – 63,5 мыңнан астам адам қатысты;
«Тәуелсіз Қазақстан» поезының іс-шараларына қатысқан адамдардың жалпы саны 85 мыңнан асты.
Поезд құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мәдениет және спорт қайраткерлері, медицина және әлеуметтік салалар қызметкерлері жұмыс істеді.
Поезд іс-шаралары шеңберінде бейбітшілік пен келісім моделіне арналған кездесулер, семинар-тренингтер, халықтың түрлі топтарына арналған заңгерлердің, дәрігерлердің, аграршылардың кеңестері, ҚХА-ның акциялары: поезд бағдары бойынша орналасқан кітапханаларға кітаптарды сыйға тарту – «Қазақстан халқы Ассамблеясының теңдессіз сыйы» акциясы; «Қайырымдылық керуені» акциясы - балалар үйлері мен жасөспірімдер үйлеріне баруы жүзеге асырылды.
«Тәуелсіздік тарихы – Ұлт рухының көрініс табуы»; «Мәңгілік Ел – Болашағы біртұтас елдің рухани негізі»; «Бейбітшілік пен татулық моделі – Қазақстан бренді»; «ҚХА – қоғамдық келісімді нығайтудағы басты медиатор» деген тақырыптар бойынша кездесулер, әңгімелесулер мен таныстырылымдар өтті.
Қазақстан өнер шеберлерінің, жетекші шығармашылық ұжымдардың, сондай-ақ ел өңірлеріндегі талантты жастардың мерекелік концерттері ұйымдастырылды
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті