12 Қараша, 2015
928
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» ІІ Халықаралық медиа форумы аяқталды
12 қараша күні Астана қаласы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» ІІ Халықаралық медиафорумы өтті. Медиафорумға белгілі журналистер, республикалық және аймақтық БАҚ және этномәдени бірлестіктер өкілдері, масс-медиа саласындағы отандық және шетелдік мамандар жиналды. Сондай-ақ, Президент аппараты жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық жетекшісі – Ералы Тоғжанов, ҚХА мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты.

Форум қатысушылары этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін талқылап, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту мәселелеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін қарастырды.
Медиафорум аясында БАҚ, блог саласындағы өзекті мәселелерді қамтыған үш панельдік сессия өткізіліп, қатысушылар қазақстандық және шетелдік жетекші спикерлерден шеберлік сыныптарын алды. Этномәдени бірлестік бұқаралық ақпарат құралдарының көрмесі, «ҚХА Жылы» фотокөрмесі ұйымдастырылды.
Электронды БАҚ-тарға арналған «Журналист-медиатор: мүмкіндігі мен болашағы» панельдік сессияны ҚХА журналистер клубының төрайымы, «Астана» радиосының директоры – Гүлмира Қаракөзова және кәсіби медиатор, медиаторларды оқытушы тренер, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлмайдан Урозбаева жүргізді.
Гүлмира Қаракөзова сессияны қорытындылай келе: - Медиация артықшылығы мол: уақыт пен қаржының үнемділігі, дау-жанжалдың бейбіт шешімі. Журналист-медиаторға мәселенің құқықтық, қылмыстық, психологиялық шешімін табу жүктелмейді. Оның басты мақсаты – дау-жанжалсыз тұрмыстың тұрақты болатынын көрсету. Біздің елде, бақытымызға орай, БАҚ медиатор рөлін атқарған ірі этносаралық қақтығыстар болған жоқ. Бұған биыл 20 жыл қызмет етіп келе жатқан Қахақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесі шексіз. Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық этносаралық келісім үлгісіне әлемдегі 150 ел қызығушылық білдіріп отырғаны тегін емес, - деп айтып өтті.
Баcпасөз журналистеріне арналған «Қоғамдық келісім мәнмәтініндегі медиамәдениет» панельдік сессиясын «Айқын» республикалық газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп жүргізді.
«Блог саласы мен әлеуметтік желілердің қоғамдағы мәдениет пен бейбітшілікті құрудағы әсері» үшінші сессияны ҚР Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Ғазиза Телебаева басқарып, онда Қазақстандағы «Синьхуа» ақпарарттық агенттігінің шеф-тілшісі Чжоу Лян, New Baku Post газетінің бас редакторы, журналист-саясаттанушы Тофиг Аббасов қатысты. Әзірбайжаннан келген қонақ «Блоггинг – контентті дамытудағы заманауи тренд» атты шеберлік сыныбын өткізді.
Қазақстан халықтарының этносаралық құндылықтарын зерттеу, медиатехнология құрастыру бойынша шеберлік сыныбын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаева жүргізді.
Сонымен бірге, форум шеңберінде «ҚХА 20 жыл – Бір ел – бір тағдыр» кітабының тұсауы кесілді.
ҚХА Медиа форумында этножурналистика саласы бойынша жарияланған «Шаңырақ» байқауының нәтижесі қорытындыланды.
Этномәдени бірлестік қызметтерін наисхаттаудағы ең үздік мақала және теле-радиобағдарлама аталымында «Орталық Қазақстан» Қарағанды облыстық газетінің тілшісі Серік Сексенұлына, «Қазақстан» РТРК Қарағанды облыстық филиалының журналисі Светлана Шульцке алғыс хаттары табыс етілді.
Биылғы жылы этножурналистика байқауы 5 аталым бойынша өткізілді: «Қазақстандық патриотизмді нығайту», «Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру», «Қазақстандық этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін дамыту» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің қызметін дәріптеу».
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: kelisim@bk.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10