Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Сәуір, 2016

965

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҚ ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

2016 жылғы 6 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері В.К. Божконың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының жұмыс бабындағы отырысы болды. 

Отырыс барысында депутаттар ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың ҚР Парламенті Мәжілісіндегі  Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының жұмысын жалғастыру туралы бастамасы қолдау тапты. 

Өз сөзінде Ассамблея Төрағасының орынбасары депутаттық топтың жұмысы әлемдік парламентаризм тәжірибесінде бұған дейін мысалы болмаған  бірегей партияаралық диалогты құру үлісі екендігін атап көрсетті.  Барлық партиялардың өкілдері өздерінің саяси сенімдері мен көзқарастарына қарамастан, Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін іске асыру, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту үшін ҚХА депутаттық тобында бірігеді. 

Отырысқа қатысушылар ұсынған кандидатуралар негізінде  депутаттық топтың құрамы бекітіліп, оған ҚР Парламенті Мәжілісінің 31 депутаты енді: Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат, «Нұр Отан» партиясынан 17 депутат, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясынан 3 депутат, «Ақ жол» партиясынан 2 депутат.

Депутаттық  топтың басшысы болып   Сауытбек Абдрахманов, басшының орынбасары болып Юрий Тимощенко, топ хатшысы болып  Наталья Жұмаділдаева сайланды.

Отырыстың соңында депутаттық топтың ұйымдастырушылық мәселелері талқыланып, оның қызметінің негізгі бағыттары айқындалды.

Отырысқа қатысушылар бір-біріне бұдан кейінгі жұмыстарына табыс тіледі.  

   

   

   

Кейін қарай