25 Қараша, 2016
835
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙЛЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Бүгін Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйлері басшыларының әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко құттықтау сөзімен ашты.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ басшылары – Достық үйлерінің директорлары, ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, этно-ағартушылық кешендерінің оқытушылары қатысты.
Отырыс барысында ҚХА Достық үйлерін дамыту тұжырымдамасының іске асырылу барысы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының мысалында Достық үйлерінің жұмыс тәжірибесі, азаматтық қағидатта қазақстандық бірегейлікті нығайту аспектілері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа бағыттарын – қайырымдылықты, медиацияны және қоғамдық бақылауды дамыту мәселелері қаралатын болды.
Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Уәлихан Ибраев «Қоғамдық келісім» мекемесінің айдандық дәрежесіндегі нәтижелі жұмысыты туралы баяндады. Сондай-ақ, өз сөзінде ол сарапшылық жүйенің құрылуы Қазақстан халқы Ассамблеясының аудан және ауылмен арақатынасынын жақсаруына септігін тигізетінін айтып кетті.
Отырыс шеңберінде Достық үйлері мен этномәдени бірлестіктердің қызметіндегі жаңа әдістерге, этноағарту кешендерінің жұмысын ұйымдастыруға арналған панельдік пікірсайыстар мен семинар-тренингтер өткізілді.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
6 Шілде, 11:50