18 Тамыз, 2016
846
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ЕЛ РУХЫ» - «ОЛИМПИЙСКОЕ ЛЕТО» ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
2016 жылғы 18 тамызда Астана қаласында, Назарбаев университетінің алаңында «Спорт бейбітшілік пен келісім үшін» ұранымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ел рухы» - «Олимпийское лето» фестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Фестивальдің мақсаты мен міндеттері олимпиадалық қозғалыс пен олимпиадалық рухты кең тарату, салауатты өмір салтын ілгерілету, Қазақстанның олимпиадалық құрамасын қолдау, достық, спорттық шеберлік пен құрмет сияқты қазақстандық құндылықтарды көрсету болып табылады.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, олимпиада чемпиондары, Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың спорттық командалары, этномәдени бірлестіктер мүшелері, жастар мен БАҚ қатысты.
ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов барлық жиналған қауымды фестивальдің ашылуымен құттықтады. «Спорт тек қана дене шынықтыру емес, спорт - Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған ұлттың рухы»,-деді ол өз сөзінде.
Іс-шара барысында фестиваль қонақтары, Мюнхен олимпиадасының күміс жүлдегері, жүзгіш Виктор Андрееевич Абоимов пен олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Васильевич Мельниченко Риодағы олимпиада ойыншыларын қолдау мақсатында өтіп жатқан ауқымды іс-шараға қатысушыларға алғыстарын айтты.
Сонымен қатар, фестивальдің ашылуы аясында этномәдени бірлестіктер өкілдері және «Street Workout» спортшылары өнер көрсетіп, эстрада жұлдыздары қатысуымен өткен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Еске сала кетсек, бүгін Назарбаев университетінің спорт кешенінде спорттың 7 түрінен: қазақша күрестен, тоғыз құмалақтан, волейболдан, үстел теннисінен, мини-футболдан, армрестлингтен (қоссайыс) және таэквондодан іс-шаралар өтуде.
Фестиваль 18-19 тамыз күндері өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды