17 Қараша, 2017
908
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ IIІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ФОРУМЫ: «САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ»
2017 жылғы 17 қарашада Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сананың ашықтығы» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының IIІ халықаралық Медиа форумы болып өтті.
Форумның мақсаты – қоғамды жаңғырту және сананың ашықтығын қалыптастырудағы, ұлттық бірегейлікті нығайтудағы БАҚтың рөлін талқылау, кәсіптік әдеп, сондай-ақ көп этносты қоғам жағдайында масс-медиа мәдениетін дамыту мәселелері.
Форумды ҚХА Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Д.Мыңбай кіріспе сөз сөйлеп ашып, Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі А.Әжібаев, ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов құттықтау сөз айтты.
Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, Германия, Латвия, Ресей, Өзбекстаннан шетелдік сарапшылар, масс-медиа саласындағы отандық сарапшылар, республикалық және өңірлік этномдени бірлестіктер БАҚтарының басшылары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлар-оқытушылар құрамы, Алматы қаласы жоғары оқу орындары журналистика факультеттерінің студенттері қатысты.
Кіріспе сөзінде Дархан Мыңбай шынайы ынтымақтастық прагматикалық және стратегиялық сипаттағы мақсатты көздейтінін, саяси одақтар мен бірлестіктер, заманауи масс-медиа әріптестік келісімдер жасап, ақпарат алмасып, бірлескен форумдар өткізіп және шығармашылық одақтар құрып ынтымақтасатынын атап көрсетті.
Журналистер қауымдастығының жұмылуының мысалы ретінде Төрағаның орынбасары Еуразиялық медиафорумды, таяуда құрылған Қазақстандық медиа Альянсты атады. Ол ҚХА этномәдени бірлестіктері шығаратын бұқаралық ақпарат құралдары бұл процестен тыс қалмайтынына сенім білдірді.
Медиа форумның жалпы отырысы TEDx конференциясы форматында өтіп, шетелдік сарапшылар: Константин Шамбер (Германия), Кирилл Привалов пен Роберт Францев (Ресей), Владимир Решетов (Латвия), Гульнора Абдуназарова (Өзбекстан), сондай ақ белгілі отандық БАҚ өкілдері: Ерлан Игісінов, Арманжан Байтасов, Айгүл Мүкей, Өркен Кенжебек және Махаббат Есен спикерлер болды.
Форум аясында этномәдени бірлестіктері шығаратын бұқаралық ақпарат құралдарының көрмесі ұйымдастырылып, форум соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистика саласында жыл сайынғы «Шанырақ» шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өткізілді.
Дата события ассамблеи: 17.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті