Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Желтоқсан, 2015

850

Қазақстан халқы Ассамблеясының көрме павильонына румын ұлттық костюмі салтанатты түрде табысталды

2015 жылғы 22 желтоқсан күні Бейбітшілік және келісім сарайында румын ұлттық костюмін Қазақстан халқы Ассамблеясының көрме павильонына салтанатты түрде табыстау рәсімі болып өтті.  

2015 жылғы 22 желтоқсан күні Бейбітшілік және келісім сарайында румын ұлттық костюмін Қазақстан халқы Ассамблеясының көрме павильонына салтанатты түрде табыстау рәсімі болып өтті. 

Іс-шараға Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Николае Уреке, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Калашникова, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Зухра Саяпова, Румыния мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Николае Уреке мырза елде этносаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының тәжірибесіне жоғары баға берді. Сондай-ақ ол, Румынияда өз отандастарының бұл жақта берекелі де бақуат өмір сүріп жатқанына, олардың басқа қазақстандықтармен бірдей құқықтар мен мүмкіндіктерге ие екендігіне сенімдері зор екендігін атап көрсетті. «Бүгінгі іс-шара үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Бейбітшілік және келісім сарайының басшылығына ризашылығымды білдіргім келеді. Біздің ұлттық костюмімізді қабылдағандарыңыз үшін өте қуаныштымын. Өйткені ұлттық костюм – әр халықтың мәдениетінің бір бөлігі ғой. Осы павильонда енді әлемдегі ең әдемі астананың тұрғындары мен қонақтары оны тамашалай алатын болады», - деді ол.

 

Кездесу соңында Румыния елшілігінің өкілдері ұлттық костюмді көрме залына ресми түрде рәсімдеп, табыс етті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан қонақтарға естелік сыйлықтар мен кітаптар ұсынылды. 

 

Кейін қарай