06 Қазан, 2018
1227
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесінің ҮНДЕУІ
Құрметті отандастар!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы қоғамның өзекті әлеуметтік сауалдарына нақты жауап болды.
Бұл — мемлекеттік органдар, бизнес пен қоғам үшін іс-қимылдың тұтас стратегиясын айқындайтын, өзінің мәні мен мазмұны жағынан ерекше құжат.
Басты мақсат — қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру. Бұл үшін нақты міндеттерді іске асыру көзделген.
Ең төменгі жалақыны өсіру, бизнестің жол картасын жалғастыру, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтеріне арналған тарифтерде тәртіп орнату жөніндегі шаралар және басқа да қадамдар — табыстың өсуінің тұрақтылығына ықпал ететін болады.
Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаражатты арттыру, учаскелік медицина қызметкерлерінің жекелеген санаттарына еңбекақыны көтеру, салауатты өмір салтын дамыту, халықты сапасыз тауарлар мен қызметтерден қорғау — бұл тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі сенімді қадамдар.
Ал тұрғын үй мәселелерін шешу, жергілікті жолдарды, ауылдарды сумен жабдықтауды дамыту, экологияны жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар — жайлы өмір сүру ортасын құруға қызмет ететін болады.
Жолдаудың міндеттерін іске асыруда мемлекеттік аппараттың тиімді қызметі мен қазақстандықтардың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы маңызды және жауапты рөлге ие болады.
Сонымен қатар, жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығы екенін атап өткен жөн, ал 2019 жыл — Жастар жылы деп жарияланды.
Құрметті қазақстандықтар!
Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік көңіл-күйі мен өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі теңдессіз шараларды белгіледі.
Президент бұл мақсаттарға біздің қоғамымызда келісім мен бірлікті сақтай отырып қана қол жеткізу мүмкін екендігін атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа Жолдаудың міндеттерін толық қолдайды және оларды жүзеге асыру мен түсіндіруге белсенді қатысады.
Біз барлық қазақстандықтарды ұлттық әл-ауқатты мемлекет құрылысының мақсаттарына қол жеткізу үшін бірігуге шақырамыз. Осының бәрі Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің негізгі тұғыры.
Біз, Жолдаудың жүзеге асырылуы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың, Отанымыздың гүлденуінің берік кепілі болатынына сенімдіміз.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі,
Астана қ., 2018 жылғы 6 қазан
Дата события ассамблеи: 06.10.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый