
11 Мамыр, 2022
570
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы –Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы қоғамды Жаңа Қазақстан мұраттары мен құндылықтары төңірегінде біріктіру тақырыбына арналды.
Ол еліміздің терең де жүйелі жаңару жолына түскен тарихи өзгерістер жағдайында өтті. Саяси реформаларды жүзеге асырудың алғашқы күндерінен бастап Ассамблея оларды ілгерілетудің сенімді ресурстарының бірі болды және әрі қарай жалғастыратын болады.
Дәстүрлі түрде Қазақстан халқы бірлігі қарсаңында өткізілетін Ассамблеяның ХХХI сессиясына700-ден астам Ассамблея мүшелері мен форум қонақтары қатысып,күн тәртібіндегі мәселелерді тақырыптық алаңдарда кеңінен және ашық талқылау форматында тұңғыш рет өткізіліп, ел тарихына енді.
Секциялар аясында саяси реформалар мен жалпыұлттық бірлік, сондай-ақ Мемлекет басшысы Екінші Республика деп белгілеген мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңінде Қазақстан халқы Ассамблеясын жаңғырту мәселелері қызу талқыланды.
Сессияның екінші секциясы білім, мәдениет, азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының ұлттық бірлікті қалыптастырудағы ролінкеңінен ашуға бағытталды. Баяндамашылар қоғамымыздың Тәуелсіздік тарихындағы қиын кезеңдердің бірін еңсере алғанына тоқталып өтті. Қазақстан халқы осы кезеңнен Жаңа Қазақстанды құру жолында нығаю мен бірліктің жеке және әлеуметтік құндылықтар жүйесін қайта жаңғырту қажеттігін түсініп шыққалы отыр.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы алғаш рет «Болашаққа бірге» ұранымен өтті. Ассамблея жастары жұмысқа деген жаңа көзқарастар, жастардың бастамаларын дамыту, жастарды шығармашылық және қоғамдық қызметке тартудың маңыздылығы, жастармен түсінікті және оларға жақын қарым-қатынас форматтары арқылы байланыс орнатудың маңыздылығы туралы айтты.
Еркін форматта өткен тақырыптық секциялар Ассамблеяның әрбір мүшесіне татулық пен бірлікті нығайтудың кең ауқымды мәселелері бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік берді. Баяндамашылар «Жаңа Қазақстан» қазақстандық саяси ұлт топтасуына бастама болғанын, ал саяси реформалар этносаралық қатынастардың дамуына тың серпін беріп, билік пен халық арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ететінін атап өтті. Яғни, ұлт бірлігін нығайтуға бағытталған саяси институттар Ассамблеяны қолдауға тартылады. Саяси реформалар бірігудің жаңа факторына, бірлігіміздің жаңа түйініне айналуы тиіс.
Мемлекет басшысы атап өткендей, ХХХІ сессия саяси жүйені реформалаудағы Ассамблеяның орны мен рөлін айқындауды баса назарға алды. Ол үшін Ассамблея үш басымдыққа ден қоюы қажет.
БІРІНШІ. Саяси реформаларды жүзеге асыруда ҚХА рөлін күшейту.
Саяси реформалар аясында биліктің заң шығару тармағының қалыптасуы қайта құрылуда. Енді Ассамблея депутаттары қазіргідей Мәжілісте емес, Сенатта өкілдік ететін болады.
Сайлау заңнамасындағы өзгеріс сайлау процесін демократияландыруға бағытталған. Мәжілістегі ҚХА квотасын жою ешкімге артықшылық бермей, қоғамның барлық топтарына Парламенттің төменгі палатасында көрініс табуына ықпал етеді.
«Сонымен бірге Ассамблея сенаторлары ұлттық интеграция мен этномәдени алуандылық негізінде Қазақстан этностарының мүдделерінің бүкіл кешенін қорғайтын болады», - деді Мемлекет басшысы.
Осыған байланысты Ассамблеяға Сенат депутаттығына кандидаттарды іріктеудің тиімді және ашық рәсімдерін әзірлеу тапсырылды. Бұл рәсімдердің барлығы жаңартылған «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңында көрініс табуы тиіс.
Сондай-ақ Президент өңірлік деңгейде Мәжіліс пен маслихаттарды қалыптастырудың аралас моделіне көшу және аудандық маслихаттар сайлауында мажоритарлық жүйеге толық көшу Қазақстанның этникалық түрлілігінің көрініс табатынына сенімді екенін атап өтті.
Жаңа Қазақстанда халық бірлігі бос жерде орнаған жоқ. Қазірдің өзінде қоғамымыз қазақ халқының мемлекет құрушы рөлі аясында, «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатының шеңберінде, қазақстандық патриотизм, азаматтардың құқықтарының теңдігі, барлық этностардың тілі мен мәдениетін дамыту сияқты қоғамдық сананың негізгі парадигмаларының төңірегінде топтастырылған.
Бүгінде елімізде 40 достық үйі бар. Олар қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту жобаларын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар өткізілетін этносаралық қарым-қатынас алаңдары ретінде маңызды рөл атқарады.
Қазіргі жағдайда мықты мемлекетті белсенді азаматтық қоғамсыз елестету мүмкін емес. Бүгінде Қазақстан жаңа мемлекеттік үлгіге, өкімет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына өтуде. Ал Президент жариялаған саяси реформалар суперпрезиденттік басқару түрінен күшті парламенті бар президенттік республикаға көшуге, сондай-ақ халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған.
Мемлекет басшысы атап өткендей, мұндай жағдайда ешбір этносаралық факторды саясиландыруға, бұл тақырып төңірегінде арам пиғылдағы, ел бірлігіне іріткі салатын пікірталастарға жол берілмеуі керек. Осы мақсатта Ассамблеяға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу тапсырмасы жүктелді.
ЕКІНШІ. Ақпараттық жұмысты күшейту және ҚХА қоғамдық әлеуетінің белсендіру.
Азаматтарғаелдегі және әлемдегi жағдай туралы бейтарап жане жедел хабарберетінақпараттандырудың негiзгiкөздерiбұқаралық ақпарат құралдары екенiсөзсiз. Олар қоғамды қазақстандық құндылықтардың төңірегіне топтастыру, мемлекеттілігіміздің біртұтастығы мен халық бірлігін нығайту жолында еңбек етуде.
Бірақ бұл миссия ресми БАҚ-қа ғана артылмаған. Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздіңәрбір азаматы қоғамдық кеңістіккешыққан кезде ұлттық мүддеміз бен қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа алуы қажет.
Ассамблеяның әрбір мүшесі Жаңа Қазақстанның мұраттары мен құндылықтарының белсенді насихаттаушысы, әрі дәріптеушісі болуы тиіс.
Президент этномәдени бірлестіктердің мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы табысты серіктестік үлгісін қалтастыру аясындағы жұмысын жоғары бағалады.
Мемлекеттiк құрылыстың жаңа кезеңiнде қазақстандық бiрегейлiк матрицасы қоғамды "Жаңа Қазақстан" мұраттары мен құндылықтары төңiрегiнде топтастыру мiндетiн жүзеге асыруға бағытталған.
Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары - Аналар кеңестері, Қоғамдық келісім кеңестері және басқа да бірлестіктер азаматтық қоғамды жүйелі түрде қайта жаңғырту мәселесін шешуден шет қалмауы керек, - деп атап көрсетті Президент.
Мемлекет басшысы этносаралық саладағы түйіткілді мәселелер мен өзекті үрдістерді терең зерделеу және қоғамдық пікір алмасу үшін Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық әлеуетін толықтай жұмылдыру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ сессияда Жаңа Қазақстанды құру жолындағы елімізде болып жатқан барлық этникалық үдерістерді жан-жақты зерттеп, пікірталас мәдениетіне қойылатын жоғары талаптарды ескере отырып, ашық талқылау керектігі айтылды.
Мемлекет басшысы этносаралық қатынастар тек Қазақстан халқы Ассамблеясының қызмет саласы ғана еместігін басып айтты. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сайланбалыжәне азаматтығы қоғам институттары халық бiрлiгiн нығайту және елiмiздегi жағдайды тұрақсыздандыруәрекеттерiн дер кезінде бейтараптандыру үдерісіне жұмылдырылуы тиіс.
ҮШІНШІ. Ақпараттық-насихаттық жұмысты күшейту
Диалог мәдениетін қалыптастыру және қоғамда өзара түсіністік пен сенімді нығайту әрқашан Ассамблеяның басты миссиясы болған және болып қала береді. Тәуелсіздік жылдарында Ассамблея қолдау сөздер айтылып қана қоймайтын, нақты істер атқарылатын, нақты қадамдар жасалатын орынға айналды.
Мемлекет басшысы Ассамблеяның медиация негізінде кәсіби келіссөз жүргізушілердің бірегей институтын қалыптастыр бастағанына ерекше тоқталды. Бүгінгі таңда этномедиатор-келіссөз жүргізушілерді даярлаудың оқу бағдарламасы әзірленді. Жоба пилоттық режимде Жамбыл облысында жүзеге асырылды. Этномедиация бойынша оқыту курстарына ауылдық округ әкімдері, учаскелік инспекторлар, мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері, қоғамдық медиаторлар қатысты.
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрліктеріне Мемлекеттік басқару академиясымен, Ассамблея хатшылығымен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесе отырыпЭтномедиация оқу орталығын құру, оның тұрақты жұмыс жасауын ұйымдастыру бойынша жүйелі ұсыныстар енгізуді тапсырды. Орталықтың оқыту курстарын аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі меңгеруі тиіс.
Бұл республикалық, облыстық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларына нақты нұсқау болып табылады, соған сәйкес жұмыс стратегиялары мен іс-шаралар жоспарларын түзету қажет.
Президенттің маңызды тезисі – ортақ іске барша азаматтардың атсалысуы аса маңызды екені. Әйтпесе, елді жаңарту мақсатына бізді мемлекеттік аппарат та, ешқандай саяси шешімдер де, экономикалық тұтқалар да жетелей алмайды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХI сессиясында ел Президентінің Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы ұсынысы азаматтарды шешім қабылдауға тартуға үлкен ынталандыру және тиімді құрал болып табылатыны сөзсіз.
Референдум өткізу халықтың таңдауға ұсынылған мәселелерден терең хабардар болуын талап етеді. Сондықтан әрбір ұсынылған түзетулер бойынша түсіндіру жұмыстары мемлекеттік органдардың ғана емес, сарапшылар қауымының да басты міндеті болмақ.
Ал бұл мәселеде Ассамблеяның барлық мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің белсенділері алдыңғы қатарда болуы керек. Осы үдеріске барынша тиянақтылықпен қарау және ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің әлеуетін тарту қажет.
Өйткені, Себебі кез келген табыстың, кез-келген тарихи сәттің орнауы халықтың шынайы қолдауы арқылы ғана жүзеге асады. Тек реформаларды батыл әрі сенімді алға жылжыту, тереңірек түсіндіріп, қоғамның, әсіресе, жастардың санасына бекіту қалды.
Жаңа Қазақстанды құра отырып, біз қоғамдағы өзара көмек пен мызғымас халық бірлігінің байырғы дәстүрлерін кеңейтуге бағытталған құндылықтарды бірінші орынға қоямыз.
Сессияның маңызды сәттерінің бірі Президенттің жаңа жалпыұлттық ұранды жариялауы. «Даму үшін бірлік!» прогрессивті ілгерілеудің формуласы, біздің жалпыұлттық ұранымыз», - деді Мемлекет басшысы.
Ал Президенттің оны Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында айтуының өзі жаңа саяси шынайылықтағы Ассамблеяның рөлі мен орнының айрықша көрсеткіші.
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шығыс Қазақстан облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шығыс Қазақстан облысы