Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қазан, 2015

965

Қазақстан халқы Ассамблеясының «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2015 жылғы 7 қазанда сағат 15.00-де Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық іс-шаралар аясында Тараз қаласы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғимаратында («Мәжіліс залы», 2-қабат) Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясын қорытындылау бойынша Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

                                                                                                   

2015 жылғы 7 қазанда сағат 15.00-де Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық іс-шаралар аясында Тараз қаласы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғимаратында («Мәжіліс залы», 2-қабат) Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясын қорытындылау бойынша Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Аталмыш іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі, саяси ғылымдардың докторы Ералы Тоғжанов, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, Қазақ ұлттық өнер университеті Қорқыт Ата мұрасын зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков, ҚХА мүшелері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, Қазақстан мен ТМД елдерінің көрнекті тарихшылары, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА экспедициясының мүшелері, жастар қатысады.

Форум аясында ҚХА «Экспедиция қатысушыларының жазбалары» атты күнделіктер мен бірегей мұрағаттық құжаттар салтанатты түрде табысталып, ҚХА ғылыми сараптамалық кеңесінің мүшесі, тарих ғ.д. Георгий Кан мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков өткізетін ҚХА-ның «Ұлы дала тарихы» ғылыми зерттеуінің таныстырылымы болады.

Форум қорытындысы ретінде Халықаралық Форум қатысушыларының Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа арнаған үндеуі қабылданады.

Сағат 14.00-тен 15.00-ке дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің холлында ҚХА экспедициясының қорытындысына арналған «Қазақ Елі тарихы» көрмесі Форум қатысушыларының назарына ұсынылады.

7 қазан сағат 11.30 Тараз қ. Достық үйінде БАҚ өкілдеріне арналған «Ұлы Дала Елі» халықаралық форумы туралы» баспасөз конференциясы өтеді. Конференция спикерлері: ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі, саясат ғылымдарының докторы – Ералы Тоғжанов, Жамбыл облысының әкімі – Кәрім Көкірекбаев, Қазақ ұлттық университеті Қорқыт мұрасын зерттеу ғылыми  орталығының директоры, ҚХА Кеңесінің мүшесі, филология ғ.д., профессор – Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры – Наталья Калашникова.

***

2015 жылғы 7 қазан (сәрсенбі)

11.30-12.30

Тараз қ. Достық үйі

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізіліп жатқан «Ұлы Дала Елі» форумына арналған баспасөз конференциясы

14.00-15.00

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ (холл)

ҚХА республикалық экспедициясының қорытындысына арналған «Қазақ Елі тарихы» көрмесі

15.00-18.00

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ(2-қабат)

«Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясын қорытындылау бойынша Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (бөлек бағдарлама бойынша)

18.00-19.00

Облыстық драма театры

(Абай көшесі, 115)

Қ.Ысқақовтың «Қазақтар» тарихи-драмалық қойылымы (форум қатысушыларына арналған )

***

ҚХА «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы

«100 қадам» Ұлт жоспарының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы серіктестермен бірлесе отырып, «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясын ұйымдастырды.

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өте ауқымды әлеуметтік-тарихи акциялардың бірі.

Экспедиция 2015 жылғы 11 қыркүйекте үш қалада – Астана, Ақтау, Павлодар қалаларында бір мезгілде бастау алып, 2015 жылғы 9 қазанда Тараз қаласында қорытындыланады.

Экспедицияға Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар ұйымдарының, БАҚ өкілдері қатысады.

Экспедицияның серіктестері: Қазақ географиялық қоғамы, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «24 KZ» телеарнасы, Қазақ радиосы.

Экспедиция барысында өңір халқымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік және бірлік» бағыты бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ - ЕЛ БІРЛІГІ» тақырыбына кездесулерлер; Қазақстан мемлекеттігінің негіздеріне және Қазақ хандығының тарихына арналған «ЖЕР ТАРИХЫ – ЕЛ ТАРИХЫ» тақырыбы бойынша сұхбаттар; «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» бойынша дәріс-таныстырылымдар; экспедицияның жүру бағытындағы қалаларда, кенттерде және ауылдарда орналасқан кітапханалар мен мұражайларға кітаптар сыйға тарту көзделген «Теңдессіз сый» акциялары өткізіледі.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» тарихи-мәдени экспедициясы үш тұжырымдамалық негізде жүзеге асырылады:

Отансүйгіштік – халықтың Отанға, туған жерге, біріктіруші ұлттық құндылықтарға деген құрметі мен сүйіспеншілігі;

ғылыми-танымдық – қазақ мемлекеттігі мен тарихи-мәдени мұраларды зерделеу жөнінде ғылыми-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

ақпараттық – жетекші республикалық (электронды және баспа) БАҚ, ҚХА порталы, G-Global алаңы және т.б. арқылы Қазақстан халқының бірегейлігі мен бірлігін нығайта түсетін рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және дәріптеу.

Экспедиции бағыттары:

1. Солтүстік және Орталық бағыты (Астана қаласы - Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары, Жамбыл облысы – Мерке қаласы – ТАРАЗ қаласы);

2. Батыс және Оңтүстік бағыты (Ақтау қаласы., Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Мерке қаласы – ТАРАЗ қаласы).

3. Шығыс және Оңтүстік-шығыс бағыты (Павлодар қаласы - Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, Мерке қаласы –ТАРАЗ қаласы);

4. Алматы – Қаскелең – Қордай – Мерке – Құлан – ТАРАЗ қаласы.

Экспедицияның шарықтау шегі – Тараз қаласында «Тарих толқынындағы Ұлы Дала» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының көрмесінің ұйымдастырылуы. Экспедицияның нәтижесі қатысушылардың жазбаларынан тұратын үш томдық күнделік болады.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған экспедицияның қорытынды іс-шаралары 2015 жылғы 9 қазанда Тараз қаласында өтеді.

_______________________________________________

«Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметі

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,

+7707 705 12 11,

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz

Кейін қарай