08 Мамыр, 2015
832
Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Қасиетті мереке күні Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің
70 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз.
Жеңіс күні – бұл ерлік пен әскери даңқ, елдің бірлігі мен ынтымағы салтанат құратын сәт.
Бұл күн – Ұлы Жеңіс жолында парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай жауға қарсы тұрған, қайсар мінез батырларымыз бен тылда тынымсыз еңбек еткен асыл жандардың ерен ерлігінің, биік рухының өшпес дәлелі ретінде әрқашан біздің жүрегімізде.
Ел басына күн туған сәтте туған жердің намысы үшін майданға аттанып Отан үшін жанқиярлық ерлік көрсеткен жаужүрек қаһармандарымыздың ерліктері мәңгілік ел есінде.
Бұл күні біз қайсарлықтың, қайтпас рух пен жалынды жігердің хас үлгісін көрсеткен барша соғыс және тыл ардагерлерінің алдында тағзым етеміз.
Бұл мереке халқымыздың мәңгілік мақтанышы болып қала бермек.
Қадірлі ардагерлер,
Ұлы Отан соғысының қатысушылары және тыл еңбеккерлері!
Сіздер жарқын келешек үшін елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Сіздердің туған еліміздің азаттығы жолындағы жасаған ерлік істеріңізді жалғастыру, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз.
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, отбасылыларыңызға ырыс, ынтымақ тілейміз!
Әрқашан еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
Ардагерлеріміз аман болсын!
Ұлы Жеңіс даңқы мәңгілік жасасын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
вчера, 12:22