24 Қазан, 2014
1423
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мұрагер» халық шығармашылығы суреттері мен бұйымдары қайырымдылық көрмесі
2014 жылдың 22 қазан мен 5 қараша аралығы Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы ғимаратында «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры» қоғамдық қоры ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мұрагер» халық шығармашылығы суреттері мен бұйымдары қайырымдылық көрмесін өткізеді.
2014 жылдың 22 қазан мен 5 қараша аралығы Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы ғимаратында (Бұқар жырау көш., 76) «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры» қоғамдық қоры ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мұрагер» халық шығармашылығы суреттері мен бұйымдары қайырымдылық көрмесін өткізеді.
2014 жылдың 24 қазанында сағ. 17.00-де «Мұрагер» көрмесінің аясында қайырымдылық аукционы өтіп, онда Қазақстанның барлық жерінен суретшілер мен халықтық-қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары қойылды.
2014 жылдың 23-24 қазан күндері сағ. 11.00-де былғары мен саз балшықтан және қыштан бұйым жасау өнерлері бойынша шеберлік сыныптары өткізілді.
Қайырымдылық көрмесінің мақсаты Қазақстан халқының тарихи және мәдени мұрасын сақтап, өркендету, сан ғасырға созылған салт-дәстүрлерді сақтап жеткізуші ретінде қолөнершілер арқылы ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау, Қазақстандағы ұлт-ұлыстардың мәдени мұрасына жастардың қызығушылығын ояту, олардың сәндік-қолданбалы өнерді дамытуға атсалысуын ынталандыру болып табылады.
Көрме жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қарағанды қаласындағы шағын және орта бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ және т.б. қатысты.
Алғаш рет Көрме қайырымдылық сипатында ұйымдастырылып, бұл шақыру қағаздары мен аукционнан түскен қаражатты, Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасында ем алып жатқан, ауыр дертке ұшыраған балаларды қолдауға бағыттауға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті