27 Тамыз, 2024
174
Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мектепке жол” акциясы Жамбыл облысында
Жылсайын дәстүрлі түрде ел көлемінде тамыздан бастап, қыркүйектің соңына дейін ҚХА-ның «Мектепке жол» акциясы өтеді.
Биыл да бұл науқанға облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктері бір кісідей жұмыла кірісіп, елдік пен кеңдіктің үлгісін көрсетті.
Қайырымдылық жасаудан қапы қалмайтын этностардың бірегейі «Махмұт Қашғари» атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі Конституция күні мен 1 қыркүйек - Білім күніне орай Достық үйінде «Мектепке жол» акциясын өткізді.
Акцияның басты мақсаты - жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету.
Ата-аналардың алғысы мен бүлдіршіндердің ризашылығына бөленетін дәстүрлі акцияда этномәдени бірлестік өкілдері 30 баланы мектепке қажетті оқу құралдарымен қатамасыз етті. Қайырымдылық шарасындағы көмек ұйғыр, өзбек, қазақ, дүнген тағы да басқа этнос өкілдерінің балалары мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне үлестірілді.
Айтулы жиында бірлестік жетекшісі М.Тұрдиева және «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Д.Тайлеев балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Акция аясында балаларға базарлық таратылып қана қоймай, оларға сәні мен сәулеті келіскен Достық үйінің ішкі көрінісі көрсетіліп, балаларға қызықты бағдарлама ұйымдастырылды.
Акцияға қатысқан ата-аналар да бірлестік мүшелеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті