Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Желтоқсан, 2015

988

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің шоқаным» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы қорытындыланды

2015 жылғы 22 желтоқсанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғимаратында (Ш. Уәлихановтың 180 жылдығына арналған ҚХА-ның «Менің Шоқаным» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылау іс-шарасы өтті.

2015 жылғы 22 желтоқсанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғимаратында (Ш. Уәлихановтың 180 жылдығына арналған ҚХА-ның «Менің Шоқаным» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылау іс-шарасы өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер, жобаның өңірлік жеңімпаздары мен қатысушылары, Шоқан еңбектерін зерттеушілер, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, Астана қаласы кітапханаларының қызметкерлері қатысты.

   

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, ҚХА мүшесі Анатолий Башмаков өз сөзінде аталмыш іс-шараның өзектілігіне тоқталды. «Бүгін, ҚХА жылы аясында ерекше рухани іс-шара өтуде. Мұндай жобалар біздің бойымызда ең игі рухани және адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады», - деді ол.

Іс-шара барысында жоба жеңімпаздарының жұмыстары таныстырылды, сарапшылардың пікірлері тыңдалды, сондай-ақ қатысушылардың назарына Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы бойынша дайындалған тақырыптық көрме ұсынылады. 

  

М.В.Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалы директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жалпы тіл білімі мен аударма теориясы» кафедрасының профессоры Нұрсұлу Шаймерденова «Менің Шоқаным» жобалар байқауын ұйымдастырған Қазақстан халқы Ассамблеясына үлкен алғысын айтты. «Бүгінгі жоба қатысушыларының еңбектері Шоқан Уәлиханов секілді біртуар азаматтың тұлғасын одар әрі аша түседі», -деді ол.

«Менің Шоқаным» жобалар байқауының қорытындысы бойынша Әулиекөл аудандық кітапханасының әдіскері Фатима Исмаилова және Қостанай облысының «Әулиекөл аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі балалармен жұмыс бойынша директор орынбасары Людмила Данилюк І-орын иегерлері атанды.

ІІ-орынды Степногорск қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі иеленді.

Н.Островский атындағы орталық қалалық кітапхана (Қостанай қ.) ІІІ орынға ие болды.

Іс-шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттары тапсырылды.

 

 

***

Бұл жобаны жүзеге асыру туралы 2015 жылғы сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұйымдастырылған Республикалық акция - «Менің Қазақстаным!» пойызы барысында Алматы облысы Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзекте Ш. Уәлиханов атындағы «Алтын емел» мемлекеттік мемориалдық мұражайында жарияланды.

Жоба еліміздің барлық облыстары мен қалаларында өтті. Облыстар мен Астана, Алматы қалаларында ұсынылған жобаларға іріктеу жасалып, республикалық деңгейге 18 жоба жолданды.

Жобалардың мазмұны Ш. Уәлихановтың өмір жолы мен қызметі туралы білімді тереңдетіп жинақтауға, оның тұлғалық көп қырлылығын ашуға, жастардың бойында патриоттық рухты және Отанға деген сүйіспеншілікті, мақтаныш сезімі мен жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталады.

Кейін қарай