Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Желтоқсан, 2015

701

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің Шоқаным» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылау

2015 жылғы 22 желтоқсанда сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғимаратында (2-қабат, академик «М. Жолдасбеков коллекциясының мемориалдық залы») Ш. Уәлихановтың 180 жылдығына арналған ҚХА-ның «Менің Шоқаным» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылау іс-шарасы өтеді.

2015 жылғы 22 желтоқсанда сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғимаратында (2-қабат, академик «М. Жолдасбеков коллекциясының мемориалдық залы») Ш. Уәлихановтың 180 жылдығына арналған ҚХА-ның «Менің Шоқаным» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылау іс-шарасы өтеді.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер, жобаның өңірлік жеңімпаздары мен қатысушылары, Шоқан еңбектерін зерттеушілер, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, Астана қаласы кітапханаларының қызметкерлері қатысады.

Іс-шара барысында жоба жеңімпаздарының жұмыстары таныстырылады, сарапшылардың пікірлері тыңдалады, жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді, сондай-ақ қатысушылардың назарына Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы бойынша дайындалған тақырыптық көрме ұсынылады.

***

Бұл жобаны жүзеге асыру туралы 2015 жылғы сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұйымдастырылған Республикалық акция - «Менің Қазақстаным!» пойызы барысында Алматы облысы Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзекте Ш. Уәлиханов атындағы «Алтын емел» мемлекеттік мемориалдық мұражайында жарияланды.

Жоба еліміздің барлық облыстары мен қалаларында өтті. Облыстар мен Астана, Алматы қалаларында ұсынылған жобаларға іріктеу жасалып, республикалық деңгейге 18 жоба жолданды.

Жобалардың мазмұны Ш. Уәлихановтың өмір жолы мен қызметі туралы білімді тереңдетіп жинақтауға, оның тұлғалық көп қырлылығын ашуға, жастардың бойында патриоттық рухты және Отанға деген сүйіспеншілікті, мақтаныш сезімі мен жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталады.

___________

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz

 

Кейін қарай