11 Желтоқсан, 2015
2580
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын салтанатты түрде қорытындылау рәсімі
2015 жылғы 11 желтоқсанда Тұңғыш Президент – Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту аясында ҚХА «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылау рәсімі өтеді.

Аталмыш іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, жобаға қатысушылар, мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялардың өкілдері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жастар қауымы қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР ПӘ Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов қатысушыларға арнаған сөзінде тілді үйренуге арналған жобалардың маңыздылығын және олардың қоғамдық келісімді, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайтудағы рөлін атап көрсетті.
Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының өңірлік жеңімпаздарын марапаттау үщ бағытта жүзеге асырылды. Барлық қатысушыларға ҚХА Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының:
- «Шешендік өнер» номинациясында мына қатысушылар марапатталды: Раджапова Наргиз (Алматы), Гаценбиллер Екатерина (Ақмола обл), Абилова Гуллара (Ақтөбе обл), Гатунок Алина (Алматы обл), Готман Даяна (ШҚО), Лобанова Екатерина (ШҚО), Гладкова Мария (БҚО), Кравченок Галина (Жамбыл обл), Романов Денис (Қарағанды обл), Мунтян Даниил (Қарағанды обл), Хурсейтов Тимур (Қызылорда обл), Алиханова Айсу (Қостанай обл), Ляхова Юлия (Павлодар обл), Харчук Марина (Павлодар обл), Рыжевский Алексей (СҚО), Олжабаева Хилола (ОҚО).
- «Кемеңгер» номинациясында мына қатысушылар марапатталды: Колесниченко Арсений мен Асетова Тахмина (Алматы), Ким Ярослав (Ақтөбе обл), Данилов Руслан (Алматы обл), Азизова Азиза (Атырау обл), Пастухов Даниил (БҚО), Абдыкул Дана (Жамбыл обл), Микрюкова Валентина (Қарағанды обл), Алиханова Айсу (Қостанай обл), Сетраков Братислав (Қызылорда обл), Ляхова Юлия (Павлодар обл), Матченя Анастасия (СҚО), Олжабаева Хилола (ОҚО).
- «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» номинациясында мына қатысушылар марапатталды: Волкова Алина (Алматы), Кисилева Дарья (Ақмола обл), Багач Арина (Ақтөбе обл), Ким Ир-Сен (Алматы обл), Трофимова Юлия (Атырау обл), Османов Рамиз (ШҚО), Черноярова Юлия (БҚО), Колпакиди Анастас (Жамбыл обл), Коханова Виктория (Қарағанды обл), Курбанбаева Зарина (Қызыорда обл), Кривошеева Лаура (Павлодар обл), Просвирина Дарья (СҚО), Шмелькова Кристина (ОҚО).
«Мың бала» жобасының маңызды бағыттарының бірі «Тіл мектебі» бағыты болды. Осы бағыт шеңберінде республиканың барлық өңірінде әдіскерлер, лингвистер мен оқытушылар мемлекеттік тілді үйретудің инновациялық бірегей әдістемелерін әзірледі. Бұл бағыт бойынша марапатталғандар: Сұлтанова Венера, Бажиева Татьяна, Қайымова Айнұр, Оразбаева Ақмарал, Марсамбаева Райхан, Жұмагелдина Динара, Садуова Гүлнұр, Әбішева Зәуре, Титолеубаева Манзила, Нұрсеитов Досжан, Әбдрешова Меруерт.
Іс-шара барысында:
- ҚХА-ның мемлекеттік тілді және этностар тілдерін дамыту саласындағы инновациялық әзірлемелерінің көрмесі;
- «Әлем қадірлеген Елбасы» – «Лидер, признанный миром» шет мемлекеттердің жоғары наградаларының көрмесі;
- «Қазақстанда президенттік институтының қалыптасуы мен дамуы» интерактивтік көрмесі;
- «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» кітап көрмесі;
- «Елбасы жолы – Путь Лидера» мерзімдік басылымдар көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды
Салтанатты бөлім аяқталған соң «Қазақстанның тіл саясаты саласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі» деген тақырыпқа арналған республикалық семинар өткізіледі. Семинар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологиялары әдістемелік орталығы әзірлемелерінің таныстырылымы болды («Тілдарын» оқу әдістемелік кешені В1, В2, Тілдескіш).
Семинар «Workshops» интерактивтік авторлық шеберлік сабақтарымен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы